Қош бол, «Білімпаз»!

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 27.05.2015 08:18

До свиданья, «Білімпаз»! До свиданья, «Білімпаз»!

Мектеп - қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз,
Білімпаз боп өсетін
Біз бақытты баламыз!

26 мамыр күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының үлкен залында «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту студиясында түлектердің қоштасу кеші болып өтті.

Осы оқу жылында орыс тілінде  67 түлек (5 топ) оқуын аяқтаса, 60 түлек (6 топ) оқуын қазақ тілінде бітірді.

До свиданья, «Білімпаз»! До свиданья, «Білімпаз»!

Мерекеге ертегі кейіпкерлері (Буратино, Кот Базилио, Лиса Алиса, старуха Шапокляк, Баба Яга және т.б) балалар, ұстаздар, ата-аналар және олардың ата-әжелері қатысты. Ал осы күннің кейіпкерлері ең әдемі, көңілді, ең ақылды, көрікті «Білімпаз» студиясының түлек балдырғандары болды. Олар мыстан кемпірдің оқу туралы әзілді өтірік өлеңдерін тыңдап, өздері қызықты сахналық қойылымдарға қатысып, жұмбақтар шешіп, тақпақтар айтып, ән шырқап, ата-аналармен «Бірінші қыркүйек» және «Мектеп табалдырығында» атты ойындарын ойнады.

До свиданья, «Білімпаз»! До свиданья, «Білімпаз»!

Балалар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен Оқушылар сарайының әдіскері Ирина Петровна Паскарь құттықтады. Ал ата-аналар комитеті ұлағатты ұстаздарға балалары үшін алғыстарын білдіріп жатты. Осы мерекенің барлық қонақтарына «Біздің өміріміз» атты қысқаметражды фильм көрсетілді. Мерекенің аяғында кішкентай білімпаздар ұстаздарға білімге құштар болуға, ешқашан мойымауға салтанатты түрде ант берді.

Мереке «Білімпаз» әнұраның орындаумен аяқталды. Бұл балғындардың жолдары ақ болып, бақытты күндері көп болып, өмір жолы оларға тек қана қуаныш пен мейірімділік әкелсін.

До свиданья, «Білімпаз»! До свиданья, «Білімпаз»!

До свиданья, «Білімпаз»! До свиданья, «Білімпаз»!