Үштілділік жолында

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 08.12.2015 15:23

На пути к триединству языков На пути к триединству языков

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 3 желтоқсан күні Павлодар облысы бойынша педагогтардың ғылыми-әдістемелік  көрмесі және  оқушылардың «Тіл – таным» зерттеу жұмыстары өтті.

Мектептер мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары, мұғалімдер үшін «Көптілділік - қазіргі қазақстандық мектептің методологиялық принципі» атты Республикалық педагогикалық семинары аясында көрме өтті.      

Семинар қатысушыларына арнап Оқушылар сарайының планетариі мен обсерваториясына экскурсия ұйымдастырылды.

Көптілділікке қатысты панельдік сессиясында, бірқатар сұрақтардың шешілген соң, Оқушылар сарайының қонақтары «Бір шаңырақтың астында…» атты концертті тамашалады.