«Splash» заманауи би студиясы «РОЗЫ ОБЗОРА» Халықаралық жобасына қатысты

Категория: Художественный отдел
Опубликовано 24.07.2018 23:46
«Splash» заманауи би студиясы «РОЗЫ ОБЗОРА» Халықаралық жобасына қатысты «Splash» заманауи би студиясы «РОЗЫ ОБЗОРА» Халықаралық жобасына қатысты
«Splash» заманауи би студиясы «РОЗЫ ОБЗОРА» Халықаралық жобасына қатысты «Splash» заманауи би студиясы «РОЗЫ ОБЗОРА» Халықаралық жобасына қатысты

Оқушылар сарайының «Splash» заманауи би студиясы шілде айының 2-16 аралығында Болгария елі, Обзор қаласында өткізілген «РОЗЫ ОБЗОРА» атты балалар мен жасөспірімдердің Халықаралық жобасына қатысып, жеңімпаз атанды.

«Splash» заманауи би студиясының билері байқауға ұсынған 300 би қойылымдарының ішінен ең үздік болып танылды. Аталмыш би додасында павлодарлық бишілерден басқа Болгария, Ресей, Өзбекстан елінен бишілер қатысты. Павлодарлық би ұжымы бұл байқауға кіші топтан екі бірдей екінші орынға қол жеткізсе, орта жас ерекшелік санатында екі бірдей үшінші орынға жайғасты. Ал әр түрлі жас ерекшелік санатындағы қатысқан «Splash» заманауи би студиясына қазылар алқасы екінші орынды табыстады.

Оқушылар сарайы «Splash» заманауи би студиясының «РОЗЫ ОБЗОРА» атты балалар және жасөспірімдердің Халықаралық жобасында ерекше өнер көрсеткен жас бишілер Ева Можейко мен Эмиль Дауытбеков қазылар алқасының көңілдерінен шықты.