![]() |
![]() |
2017 жылдың 31 наурызында М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімінің бастамасымен Б.Ахметов атындағы Павлодарлық педагогикалық колледжіне жоғарғы сынып оқушылары үшін экскурссия өткізілді. Бұл эксскурсия облыстық «Профи-TAIM» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған болатын.
Білім ордасындағы көптеген мамандықтар жайлы, ұстаздар ұжымы, студенттердің қызықты өмірі туралы колледждің оқу-өндірістік іс-тәжірибесі бойынша директордың орынбасары Замзагуль Нурпеисова болашақ мектеп түлектеріне баяндап берді.
Облыстық «Профи-TAIM» жобасы шеңберінде аталмыш экскурссияға Успен, Қашыр, Павлодар ауданы және Павлодар қаласының №17,22,40 жалпы орта білім беру мектептерінен 9-10 сынып оқушылары арасынан 30-ға жуық адам қатысты.
- Оқу жылы ішінде Облыстық «Профи-TAIM» жобасы шеңберінде ЖОО-на мектеп оқушылары үшін қызықты экскурссиялар ұйымдастырып отырамыз. Павлодар облысы бойынша жүзге жуық оқушылар С.Торайғыров атындағы ПМУ-не барып, болашақта Павлодар Мұнайгаз колледжіне бару жоспарланып отыр» - дейді, жоба ұйымдасытрушысы Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаева.
Эксскурсияның соныңда сұхбат алаңында оқушылар колледждегі тегін мамандықтар туралы, студенттерге тиісті жатақхана жайлы көп мәліметтер алды, білім ордасының мұражайын тамашалады.
Облыстық «Профи-TAIM» жобасы мектеп оқушылары үшін пікір-талас сағаттарын, қызықты эксскурсияларды ұйымдастырады. Ал сәуір айының 25-күні «Үздік үгіт бригадасы» атты болашақ мамандыққа байланысты облыс колледждері арасында байқау өткізіледі. «Профи-TAIM» жобасы жоғарғы сынып оқушыларына болашақта мамандық таңдауға үлкен септігін тигізеді.