Оқушылар Сарайының тәрбиеленушілері Атырау қаласында жеңімпаз атанды

Категория: Методический отдел
Опубликовано 18.04.2017 17:35
Оқушылар Сарайының  тәрбиеленушілері Атырау қаласында жеңімпаз атанды Оқушылар Сарайының тәрбиеленушілері Атырау қаласында жеңімпаз атанды
Оқушылар Сарайының  тәрбиеленушілері Атырау қаласында жеңімпаз атанды Оқушылар Сарайының тәрбиеленушілері Атырау қаласында жеңімпаз атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 14-15 сәуір аралығында Атырау облысында мектеп оқушылары арасында «Менің бастауым – менің Отаным үшін» республикалық шығармашылық жобалар байқауы өткізілген болатын. Аталмыш шығармашылық жобалар байқауына М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының бір топ дарынды тәрбиеленушілері қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Оқушылар сарайы «Луч» шығармашылық бірлесігінің және «Игрик» баспасөз орталығының тілшілері Рахметова Айдана, Андрей Гритчин, Дарья Масаева, «Медиажобалар» атты жоба тақырыбымен аталмыш байқауға қатысып I –ші орынға қол жеткізді. Жас тілшілер Оқушылар сарайының медиаорталығы туралы, «Сенің әлемің» облыстық жасөспірімдер газеті туралы, «Жас тілші» балалар радиобағдарламасы жайлы, Оқушылар сарайындағы «Луч» бірлестігінің күнделікті телебағдарламалар туралы айтып Атырау жұртшылығын тамсандырды. Ал балалар баспаөз орталығының тілшісі Мария Шорина балалар журналистикасының қыр-сырымен таныстырып III-ші орынды қанжығасын байлады.

«Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымының Ұланбасшысы София Ахметжанова «Тарихқа көз жүгіртсек....» атты жобасымен және «Шектеусіз мүмкіндіктер» атты жоба тақырыбымен Аружан Айткенова III-ші орынға қол жеткізді. «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары Сабина Байгожина «Мәдениет қиылысында» атты жобасы үшін алғыс хатқа ие болды. Облыстық «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы Милена Блинникова «5-ші жұлдыз еріктілердің әлеуметтік мектебі» тақырыбымен және «Болашаққа қадам» атты тақырыбымен «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымының омбудсмені Ажар Абельдиновалар сертификаттарға ие болды.

Өз шығармашылық жобаларын Атырау елінің алдыңда қорғап, жүлделі орындарға ие болған біздің мақтаныштарымыз Ш.Сариев атындағы өнер мұражайына, Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясына, Махамбет атындағы қазақ драма театрына және жайық өзенінің жағалауында серуендеп, Атырау қаласының тамаша тарихи жерлеріне барып қайтты. Болашаққа нық қадам жасаған, барлық тәрбиелеушілерімізді жеңістерімен құттықтаймыз.