Мейірімділік мерекесі

Категория: Методический отдел
Опубликовано 20.04.2017 17:39
Мейірімділік мерекесі Мейірімділік мерекесі
Мейірімділік мерекесі Мейірімділік мерекесі

20 сәуір күні Оқушылар сарайында Павлодар облысының «Жас Ұлан» ББЖҰ ұйымының бастамасымен белсенді өмір ұстанымы бар еріктілер қатарлары жиналады. Бұл мереке «Үздік Ұлан - Жас бейбітшіл» кешендік жобасы аясында «Отанымның 25 игі ісі туралы» атты жарқын фестивалі ретінде өткізілді.

Аталмыш мерекеге Қашыр, Шарбақты, Успен, Лебяжі, Ақтоғай, Баянауыл, Павлодар ауданы, Ақсу қаласы және Павлодар қаласының № № 4, № 8 мектеп-лицейі, 14, 17, 18, 22, 28, 35, 40, 43 ЖОББМ-нің еріктілер жасақтары қатысты.

Қазақстан елінде еріктілер қатарларларының қозғалысы жыл сайын өсіп келеді. Бұл қайырымды іс-шараға қоғамның қызығушылығы өте жоғары. Көптеген адамдар табиғатты қорғауға, ауа мен суды таза ұстау, бір-біріне мейірімді болуға жұмыла кіріседі. «Жас Ұлан» балалар ұйымы еріктілердің дәстүрлерін қалыптастырып, үзбей сақтап келеді. Мерекеге келген қатысушылар сахына төрінде игі істердің марафоның көрсетті. Қатысушы оқушылар өзінің қызықты істері туралы, еріктілер қызметі жайлы, мектепте жасаған мейірімді істері, қарт адамдарға көрсеткен көмектері, ҰОС ардагерлеріне жасаған көмектері жайлы бейне-альбомдарын паш етті.

Мейірімділік мерекесі Мейірімділік мерекесі
Мейірімділік мерекесі Мейірімділік мерекесі

Аталмыш іс шарада «Павлодар облыстық басқарма аппаратының Нұр Отан» партиясындағы жаныңдағы «Жас Отан» жастар қанаты филиалының өкілі Айдана Мұратова, «Павлодар облыстық жастар саясаты басқармасының сұрауы бойынша «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ жастар арасындағы іс-шаралар ұйымдасыру бойынша бөлімінің инспекторы Макпал Шакибаева, Салауатты өмір салтын қолдау орталығының дәрігер Берікбол Суйеукенов қазылар алқасының құрамында болды.

Фестиваль қатысушылары «Мейірімділік шуағы», «Қамқорлық», «Үлкенге құрмет», «Балалар үшін», «Жүректен жүрекке», «Еңбекқор жандар» атты номинациялары бойынша дипломдарға ие болды.

Мейірімділік мерекесіне арналған іс-шараға 108 еріктілер мен олардың жетекшілері қатысты.