«Арман-Шоу» театр-студиясының әншілері өнер көрсеті

Категория: Методический отдел
Опубликовано 31.05.2017 19:01
«Арман-Шоу» театр-студиясының әншілері өнер көрсеті «Арман-Шоу» театр-студиясының әншілері өнер көрсеті
«Арман-Шоу» театр-студиясының әншілері өнер көрсеті «Арман-Шоу» театр-студиясының әншілері өнер көрсеті

29 мамыр күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жақсы көңіл күйдің мерекесі» деп аталатын  «Арман-Шоу» театр-студиясының жылдық есеп беру концерті болып өтті.

«Арман-Шоу» театр-студиясының әншілері өнер көрсеті «Арман-Шоу» театр-студиясының әншілері өнер көрсеті
«Арман-Шоу» театр-студиясының әншілері өнер көрсеті «Арман-Шоу» театр-студиясының әншілері өнер көрсеті

"Мереке" әнімен басталған есеп беру концерті көрермендердің көңілдерінен шықты. «Жаңа жұлдыз - 2017» облыстық жас әншілер байқауының жеңімпазы Диас Қаратай «Қазақстан» әнің тамаша орындай білді. Студияның кішкентай әншілері «Бір  үйдің баласындай» атты әнің орындаған кезде, «Арман-шоу» театр-студиясының тәрбиеленушілері өте тату, бір үйдің баласындай жас өнерпаздар екені көрінді. Сонымен қатар бұл кеште «Тәуелсіздік құрдасы», «Дударай», «Мы мальенкие дети» атты әндер сахына төрінде тамаша шырқалды. Тлеубергенов Дияр, Кабимулла Алина, Шакирт Абай, Шамет Алтынай, Сердалина Назгуль сынды «Арман-шоу» студиясының шәкірттері өздерінің бір жыл бойғы еңбектерін көрсете білді. Бұл концертте кезек-кезек шыққан жүргізушілер, әдемі әуен, тамаша көңіл күй, көрермендердің ыстық лебізі өте көп болды.  Есеп беру концертіне осы үйірмеде білім алған түлектер келіп, ән шашуларымен барша жұртты таң қалдырды. “Жас қанат -2017” Республикалық конкурсының жеңімпазы Мадияр Бахтияров  “Tonight again” әнін орындап, өзінің ізгі тілегін айтып өтті.  

«Арман-шоу» театр-студиясының жоғары тобының тәрбиеленушілері Бірінші Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне үлкен мерекелік концерт көрсетуге дайындық үстінде. 70-тен асқан оқушыларға вокалдан дәріс беріп, жас әншілерді сахына төрінде жұлдыздай жарқыратып отырған Алмагуль Бекбулатова, Галия Жанкаринова, Айгерим Бекбулатова сынды ұстаздарының еңбегі өте зор.
Осы уақыт ішінде студия шығармашылық тұрғыдан көптеген жетістіктерге жетті. Жиырмадан астам ұжым түлектері болашақ мамандықтарын театр және ән өнерімен байланыстырды.

Ұжым Оқушылар сарайының барлық мәдени іс-шараларына белсене қатысады.