Еліміздің бір топ ұстаздары Оқушылар сарайында қонақта болды

Категория: Методический отдел
Опубликовано 15.08.2017 18:17
Ел ұстаздары Оқушылар сарайында қонақта болды Ел ұстаздары Оқушылар сарайында қонақта болды
Ел ұстаздары Оқушылар сарайында қонақта болды Ел ұстаздары Оқушылар сарайында қонақта болды

Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің республикалық педагогикалық кеңесін өткізу шеңберінде Павлодар қаласында 2017 жылғы 15 тамызда «Білім беру жүйесінде кадрлармен қамтамасыз етудің негізгі стратегиялық бағдарлары: жетістіктер мен перспективалар» секциялық кеңесі өткізілген болатын.

Аталмыш Республикалық іс-шара төңірегінде еліміздің  бір топ педагогтары М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайымен танысу мақсатында экскурссияға келген болатын. Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева келген қонақтарға «Қосымша білім беру жүйесінің жаңа технологиялары» атты қызықты презентациясын ұсынса,  Оқушылар сарайының педагогтары Е.Вайберт және А.Аипова ұстаздарға Сарай бойынша  танымдық экскурссия жүргізді.

Оқушылар сарайына келген еліміздің ұстаздар қауымы,  Сарайдың астрономиялық бөліміне, жаңа технологияларға сай жабдықталған зәулім білім ордасына ерекше қызығушылықтарын білдірді.     

Іс-шараға Қазақстанның барлық облыстарынан 40-тан астам педагог, әдіскер, білім беру басқармасының мамандары қатысты.