Жұмат Шанин – театр өнерінің тарланы

Категория: Методический отдел
Опубликовано 16.04.2018 10:17
Жұмат Шанин – театр өнерінің тарланы Жұмат Шанин – театр өнерінің тарланы
Жұмат Шанин – театр өнерінің тарланы Жұмат Шанин – театр өнерінің тарланы

2018 жылдың 11 сәуір күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінде Павлодар облысының тумасы, қазақ театр өнерінің атасы Жұмат Шанин өмірі мен шығармашылығына байланысты танымдық сабақ өткізілді.

Аталмыш шараға Оқушылар сарайының «Амплуа» әдеби-шығармашылық студиясы және №25 жалпы білім беру мектебінің оқушылары қатысты. «Халық болмысын мәдениетті өркендету арқылы сақтап қаламыз» - деген Жұмат Шанинің театр өнерінің қалыптасу жолында жасаған еңбектері жайлы Оқушылар сарайының әдіскері Жақсыбек Ешімқұлов арнайы дайындаған презентациясы арқылы баяндап берді.

Кездесу барысында оқушылар Жұмат атамыздың өмірі жайлы қысқаша ақпарат алып, «Жарқын бейне – Жұмат Шанин» атты деректі бейнебаянды тамашалады.

- Жаңа өмір ол біздің өткеніміздің жаңаша түрі. Өткенімізді ардақтау арқылы, болашаққа бек қадам жасауға болады – деді, кездесудің ұйымдастырушсы Жақсыбек Ешімқұлов.