Тыл ардагерлерімен кездесу

Категория: Методический отдел
Опубликовано 11.05.2018 12:37
Тыл ардагерлерімен кездесу Тыл ардагерлерімен кездесу
Тыл ардагерлерімен кездесу Тыл ардагерлерімен кездесу

М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73-жылдығына арналған іс-шаралар жалғасып келеді.

Оқушылар сарайының әдіскері, «Мұрагер» клубының жетекшісі Бахыт Беккожина өзінің тәрбиеленушілерімен 27 сәуір күні Тыл ардагері Волкова Мария Алексеевнамен кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесуде «Ровесник» клубының оқушылары да қатысқан болатын.

Мария апай Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиын-қыстау кезең туралы оқушыларға баяндап беріп, сұм соғыстың ауыр жылдарын есіне алды. Оқушылар бұл кездесуден көп тәлім-тәрбие алып, Жеңіс сыйлаған ардагер аталарға тағзым етті.