«Мұрагер» клубы Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

Категория: Методический отдел
Опубликовано 22.05.2018 15:55
«Мұрагер» клубы Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды «Мұрагер» клубы Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
«Мұрагер» клубы Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды «Мұрагер» клубы Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

2018 жылдың 23 сәуірден 19 мамыр аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Республикалық оқыту-әдістемелік қосымша білім беру орталығы «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» республикалық интернет – байқауын өткізген болатын.

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы «Мұрагер» клубының тәрбиеленушісі Димаш Беккожин «Память бессмертна» атты номинациясы бойынша презентация жасап 1-ші дәрежелі диплом иесі атанды. Димаш «Мұрагер» клубының жетекшісі Бахыт Сағынтайқызының бастамасымен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы хабар-ошарсыз кеткен соғыс ардагерлері туралы танымдық презентация жасады. Бахыт Сағынтайқызы оқушысы Димашпен презентация жасау барысында Оқушылар сарайының «Аталар-ардагерлер, немерлер-іззерттегіштер» мұражайының кейбір материалдарымен қолданып, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Бұндай жобалар оқушылардың патриоттық сана-сезімдерін қалыптасытырып, соғыс ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелейді.

Айта кетсек, Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаева Білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Педагогикалық дебют» республикалық интернет-байқауына қатысып 3- ші жүлделі орынға ие болды.