Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері « ҰЛЫ ДАЛА» этнофестиваліне қатысты

Категория: Методический отдел
Опубликовано 06.08.2018 13:47
Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері « ҰЛЫ ДАЛА» этнофестиваліне қатысты Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері « ҰЛЫ ДАЛА» этнофестиваліне қатысты
Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері « ҰЛЫ ДАЛА» этнофестиваліне қатысты Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері « ҰЛЫ ДАЛА» этнофестиваліне қатысты

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен педагогтары 3-5 тамыз аралығында үшінші жыл қатарынан дәстүрге айналған Ертіс-Баян өңірінде өткен «Ұлы дала елі» Халықаралық этнофестиваліне қатысты. Аталмыш шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Елордамыздың 20-жылдығына арналып, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы, Естай Беркімбаевтың 150 жылдығы, Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдығы, Мұса Шормановтың 200 жылдығы және Бұқар жыраудың 350 жылдығы аталып өтілді.

Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері « ҰЛЫ ДАЛА» этнофестиваліне қатысты Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері « ҰЛЫ ДАЛА» этнофестиваліне қатысты
Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері « ҰЛЫ ДАЛА» этнофестиваліне қатысты Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері « ҰЛЫ ДАЛА» этнофестиваліне қатысты

Оқушылар сарайының көркемөнер бөлімінің жас өнерпаздары «Ұлы дала елі» этнофестиваліне арнайы дайындаған ән ме биден құралған 60-қа жуық нөмір көрсетті. Атап айтатын болсақ, «Вдохновение» үлгілі би ансамбілінің «Балбраун» биі, «Жас Екпін» үлгілі домбыра ансамбілінің триосының «Еркесылқым» күйі, «Айдарай» вокал студиясының «Әдемі - ау» тобы «Туған жер» әні және «Арман-шоу» театр-студиясының вокал тобы «Қазақ елім» әні, «Свет звезды» үлгілі ән-театрының «Қазағым-ай» әндері жиналған қауымның көңілінен шықты. Ал эстетика бөлімінің педагогтары фестивальге жиналған балаларға аква-гримм жасап, сурет салуды үйретіп, сылақ фигураларынан әдемі мүсіндер жасап қуантып жатса, Оқушылар сарайының педагогтары балалармен халқымыздың ұлттық ойындарын ойнап, ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп жиналаған балдырғандармен ойын-сауық құрды.

Болашақ жастарымыз «Ұлы дала» этофестивалінде қазақ халқының салт-дәстүрімен терең танысып, мәдениеті мен тарихына сыр шертіп, рухани азық алды.