«Көктемнің мейірімділік апталығы – 2014»

Категория: Методический отдел
Опубликовано 15.04.2014 20:34

2014.04.15 01 «Көктемнің мейірімділік апталығы – 2014»

15 сәуір күні «Көктемнің мейірімділік апталығы – 2014» акциясына бастау берілді. Қала мектептеріндегі оқушылардан құралған еріктілер тобы М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының алдында жиналды. Оған барлығы - 22 мектеп, 262 бала қатысты. Акцияны қолдаушылар Ұлттық волонтерлік желі мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар Қанаты.

 

2014.04.15 02 «Көктемнің мейірімділік апталығы – 2014»

Жиынға қатысушы еріктілер топтары өткен жылдары осы акция барысында атқарылған істермен танысып, бүгінгі күнге арналған тапсырмаларын алды. Бұдан соң «Жақсылық жаса!» акциясы өткізілді. Акция барысында балалар көшеде кездескен адамдарға смайликтер, мейірімділік пен қайырымдылыққа шақыратын парақшалар таратты.

2014.04.15 04 «Көктемнің мейірімділік апталығы – 2014»

«Көктемнің мейірімділік апталығы» аясында оқушылардан, студенттерден, жалпы жастардан құралған еріктілер жасақтары қайырымды істер жасайды. Қарттарға, ҰОС және еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне көмектеседі, мүмкіндігі шектеулі балаларға концерттер ұйымдастырады.

Барлық қатысушыларды, біз де, жақсылық пен мейірімге толы істер жасауға шақырамыз.