«Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының тәрбиеленуші 8 қаңтар қысқы демалыс кезінде «Барлығы махаббаттан басталады» атты әдеби қонақжай ұйымдастырды. Кездесуде №№ 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 13, 15, 22, 28, 34, 39. 43 қала мектептерінің оқушылары болды.
Студия тәрбиеленушілері суреттер мен бұйымдардың көрмесін жасап, қызықты әдеби-сазды композициясын көрсетті. Сонымен қатар жас ақындар гитара әуенің сүйемелдеуімен жиналған қауымға өз шығармаларын оқыды. Тыңдармандар өлең жолдарын үлкен қызығушылықпен тыңдады. Қонақтар ребустер, шарада мен анаграмаларды шешті. Қызықты викторина үлкен адамдардың да, балалардың көңілдерінен де шықты. Қортындысында «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының жетекшісі кездесудің белсенді қатысушыларын дипломдар және тәтті сыйлықтармен марапаттады.
Бұндай лирикалық кездесулер келген жас ақындарға өте қызықты болары сөзсіз.