Қылқалам шеберлері «Экспо-2017» көрмесін салды

Категория: Отдел эстетики
Опубликовано 05.04.2017 12:57
Қылқалам шеберлері «Экспо-2017» көрмесін салды Қылқалам шеберлері «Экспо-2017» көрмесін салды
Қылқалам шеберлері «Экспо-2017» көрмесін салды Қылқалам шеберлері «Экспо-2017» көрмесін салды

2017 жылдың наурыз аяғының соныңда М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы «Палитра» бейнелеу студиясының жас суретшілері Павлодар қаласының №2 көркемсурет мектебінде өткен сурет байқауына белсене қатысты. «ЭКСПО – 2017 - Қазақстан - қуатты болашақ көрмесіне арналған «Әлем қандай тамаша» XIV қалалық балалар суреті байқауында «Палитра» студиясының тәрбиеленушісі Дарья Горбунова 1-ші  жүлделі орынға ие болды.

Қазылар алқасына Білім беру үздігі, Журналисттер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы көркемсурет академиясының тілшісі Тақырбасов Ерсін Каскеевич болды. Аталмыш сурет байқауы «Экологиялық сурет», «Жер болашағы сенің қолыңда», «Табиғатты қорғап, энергияны сақтайық» тақырыптары бойынша өткізілген болатын. Павлодар қаласының 4-13 жас аралығындағы жас суретшілердің саны байқауда 200-ге жуық болды. Ал «Палитра» бейнелеу студиясының жетекшісі Васелина Александровна Дмитриева бұл сурет көрмесіне  11 тәрбиеленушіні дайындаған болатын. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер байқау ұйымдастырушылары атынан дипломдарға ие болып, сыйлықтармен марапатталды. Жас таланттардың жұмыстарының барлығы Астана қаласындағы «Энергияны сақтап, табиғатты қорғайық» атты Халықаралық байқауына жіберілді.