![]() |
![]() |
Ағымдағы жылдың 9 шілде күні Павлодар облысына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары келген болатын. Олар Оқушылар сарайының балаларға арналған алты сыныптары бар технопарк-кешенінде болып қайтты.
![]() |
![]() |
Депутаттардың назарында IT-сыныптар, робототехника зертханасы, 3D-модельдеу, астрономиялық және фотобейне студиялар болды.
Айта кетсек, Оқушылар сарайындағы балалар бизнес техносаябақтары бойынша көлемді жобаны Елбасымыздың «Адами капитал-жаңғыру негізі» атты жетінші міндетін жүзеге асыру мақсатында Павлодар облысының білім беру басқарамасы ұйымдастырған болатын.