«World Robot Olympiad - 2019» робототехника олимпиадасының жеңімпаздары

Категория: Отдел науки и техники
Опубликовано 28.04.2019 20:27
«World Robot Olympiad - 2019» робототехника олимпиадасының жеңімпаздары «World Robot Olympiad - 2019» робототехника олимпиадасының жеңімпаздары
«World Robot Olympiad - 2019» робототехника олимпиадасының жеңімпаздары «World Robot Olympiad - 2019» робототехника олимпиадасының жеңімпаздары

2019 жылдың 27 сәуірінде Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде «World Robot Olympiad - 2019» робототехника олимпиадасының облыстық іріктеу кезеңі өткен болатын. Облыстық Оқушылар сарайының робототехника клубынан төрт команда қатысқан болатын. Командалар үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

«Regular Elementary» категориясы бойынша «OS-01Elementary» командасының құрамына енген Асаин Қонақбай және Зарина Турганбекова І орынға ие болды. Ал «Regular Junior» категориясы бойынша Ақдәулет Каббар және Айдар Елтай «AltynTeam» командасы да І орынды қанжығаларына байлады. «Regular Senior» категориясы бойынша Мейрамбек Наурызбай және Аруан Каиров «Alt_Team» командасы ІІ-ші орынға қол жеткізді.

Бірінші орынға ие болған командалар 2019 жылдың 24 маусым күні өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Робототехника клубының тәрбиеленушілерін және жетекшілері Қайрат Солтаналиновты мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз.