2020 жылы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Оқушылар сарайында болды. Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева білім ордасының қызметінің бағыттарымен таныстырды.
Қонақтар робототехника зертханасы, астролаборатория, 3D модельдеу зертханасы, телевизиялық студия, стартап-академия және IT-сыныпты қамтитын балалар технопаркінде болды.
Әбілқайыр Сқақов оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу бойынша іс-шаралар аясын кеңейтуге бағытталған жаңа жасыл технологиялар кабинетімен танысты.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен қалыптасуындағы басты кезеңдерді қамтитын «Ұлы дала ұлағаты» галереясына облыс әкімі жоғары баға берді.