Павлодар күні

Категория: Отдел науки и техники
Опубликовано 13.09.2014 14:51

2014.09.13 01 Павлодар күні

13 қыркүйек күні Павлодардың жер-жерінде қала күні тойланды. Оқушылар сарайының алдында да қала тұрғындары үшін мерекелік концерт өткізілді. Оған көбіне мектеп оқушылары қатысты. Сахна төрінде Оқушылар сарайы үйірмелерінің шәкірттері өнер көрсетті.

 

2014.09.13 02 Павлодар күні

Мың бұрала би билеп, құйқылжыта ән салды. Айтылған ақ тілектер мен құттықтаулар ауа райының қолайсыздығына қарамастан барлық көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Батыпрауық ұшыру», «Make up» алаңдар жұмыс істеді, көңілді клоундар балалармен ойнады. Салтанатты концерт соңынан барлық келушілер «Смак» компаниясының 15 жылдығына арналған флеш-мобқа қатысты.