14-15 сәуірде Қазақстан Республикасының Кіші ғылым Академиясының павлодарлық бөлімінде (ҚР КҒА) Еуразия Инновациялық университетімен бірлесіп, Еуразия Инновациялық университетінің 25-жылдығына арналған «Білім және Ғылым интеграциясы – болашаққа қадам» атты XLII ҚР КҒА-ның ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияның жұмысына Еуразия Инновациялық университетінің студенттері, Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының және колледждерінің студенттері, сонымен қатар Орта, Батыс, Солтүстік аймағының 5-11 сынып мектеп және лицей оқушылары шақырылды. Жұмыс барысында қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдері қолданды. Конференция жұмысы 24 секция бойынша жұмыс жасады. Қатысушылардың санының көптігіне байланысты ИЕУ-нің корпусында, ал қалған қатысушылар Павлодар қаласының №2 қалалық емханасының конференц-залында өткізілді. Жиналыс төрағасы – ҚР Кіші ғылым Академиясының павлодарлық бөлімінің жетекшісі, бірінші проректор – инновациялық дамуының бірінші проректоры, ветеренария ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Никитин.
Хатшы – ИЕУ-нің жас ғалымдар және мамандар кеңесінің төрағасы, машиножасау магистрі Т.Д. Икомбаев. Конференцияны ашқан Инновациялық Еуразия Университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.А. Баяндин. Алғы сөзбен Семей қаласы Павлодар ішкі аурулар мемлекеттік медицина университетінің филиалы кафедрасының профессоры М.К. Макатов, Павлодар қаласы білім бөлімінің жетекші орынбасары Г.Ш. Шиндлярская сөз сөйледі.
Оқушылар сарайынан «Антарес» астрономдар клубының тәрбиеленушілері Лаура Макишева мен Қобланды Еренгайп қатысты. Лаураның жұмысы «Тарихтың өзекті мәселелері» атты секциясында тыңдалды. Қобланды «Физика және физикалық процесстер» атты секцияда жұмыс істеді. Балалар жүлделі орындарға ие болды. Лаура I-ші орын, ал Қобланды болса II- ші орынды иеленді.