V Құрылтай

Категория: Кұрылтай
Опубликовано 30.12.2010 17:53

Бізбір командамыз!

2010 жылғы 22 – 24 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Жас ұрпақтың – жаңа мүмкіндіктері! - Новое поколение – к новым возможностям!» балалар-жасөспірімдер бірлестіктері және қоғамдық ұйымдарыныңV облыстық Құрылтайы өткізілді.

 

Қазіргі таңда Павлодар облысында 319 балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері бар. Олардың қатарына 52 мыңнан аса балалар мен жасөспірімдер кіреді. Олардың бәрі «Облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымы» Қоғамдық Бірлестігіне біріктірілді. Облыстық балалар-жасөпірімдер ұйымы» ҚБ – қоғамдық ерікті, өзін-өзі басқаратын, өз бетімен әрекет ететін, коммерциялық емес құрылым. Ол балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты дамыту мақсатымен, аймақтық «Тәрбие» (2006-2011жж.) тәрбиелік бағдарламасының алға қойған тәрбиелік міндеттерін жалпылай шоғырландыру негізінде бірігіп, балалар мен үлкендердің бастамасымен құрылды. Облыстық «Ертіс» балалар-жасөспірімдер ұйымында балалар және үлкендер палатасының облыстық мәжілістері өткізіледі, жобалар жұмыс істейді: электронды пошта сағаты, облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымының күні, жылжымалы белсенді балалар мектебі. 

2006 жылдың желтоқсан айынан бастап балалар-жасөспірімдер ұйымы өзінің «Сенің әлемің» - «Твой мир» газетін басып шығарады. Газетте балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен мәселелеріне байланысты тақырыптар ашылады.Балалар редколлегиясының құрамына входят юнкоры Балалар баспасөз-орталығының және «Қаламгер» баспасөз-орталығының жас тілшілері кіреді. 

«Бейбітшілдікке менің қолдауым қажет» ұраны астында «Көктемгі қайырымдылық аптасы» облыстық акциясын өткізу дәстүрге айналды. Апта аясында қайырымдылық акциялары, ҰОС және еңбек ардагерлерімен кездесулер, еңбек сенбіліктері, экологиялық десанттар, шығармашылық кездесулер өткізіледі. 

Облыс мектептерінің балалар бірлестіктері «Жобалар шеруі» әлеуметтік бастамалар конкурсының белсенді қатысушылары болып табылады. Конкурсқа әлеуметтік жобалар жіберіледі, конкурс жеңімпаздары «Қазақстанның болашағы біздің қолымызда» жас көшбасшылардың Республикалық жиынына қатысты. Балалардың құқықтарын қорғау Департаментімен бірігіп «Табысқа апаратын жол» жобасының аясында Павлодар облысының атақты адамдарымен кездесулер ұйымдастырылады.

Балалар ұйымдары «Менің туған Ертіс өңірім» бағдарламалары бойынша жұмыс істейді, өз бағдарламаларын жазады, олардың өз жарғысы, өсиеттері, ережелері, әнұрандары, әндері, эмблемалары, галстуктері және басқа да белгілері бар. Барлық балалар ұйымдарының бас органы Құрылтай болып табылады, ол екі жылда бір өткізіледі.

Осы жолы Құрылтай Баянауыл ауданында орналасқан «Жас дәурен» облыстық оқу-сауықтыру орталығында өтті.

1

Бұл шараның ұйымдастырушылары: Павлодар облысының білім беру басқармасы, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы.

2

Құрылтайға балалар мен үлкендерді қоса санағанда, барлығы 180 адам қатысты: облысымыздың балалар-жасөспірімдер бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары, аға вожатыйлар, Шығармашылық Үйлерінің директорлары, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің өкілдері келді.

3

Үш күннің ішінде құрылтайға қатысушыларды: «Сәлем, Құрылтай!», «Талаптың міндім тұлпарын» және «Біз қайта кездесу үшін, қош айтысамыз» сияқты түрлі атаулар бойынша өтетін қызықты бағдарламалар күтіп тұрды. Бірінші күні делегаттардың бастапқы жиыны өтті. Балалар өз ұйымдарының аты мен ұранын бір дауыспен айқайлап айтты. Бұл күні балалар-жасөспірімдер ұйымдарының V облыстық Құрылтайының пленарлық мәжілісі болды.

Лагерьдің жатар корпусының фойесінде «Мен және менің ұйымым» атты фотосурет көрмесінің ашылуы қызықты өтті. Бұл біздің Құрылтайдың «Жас дәуренге» тартқан сыйы болатын. Сонымен бірге «Достық аллеясы» акциясы (қылқан жапырақ ағаш көшеттерін отырғызу), «Менің табысымның формуласы» көшбасшы мінбесі, «Көшбасшылар кеші», «Жаңа толқын» диско – шоуы да балалардың есінде қалатын жарқын оқиғалар болды.

Осы уақыт ішінде Құрылтайдың штабы және баспасөз орталығы жұмыс істеді, ал шығармашылық зертханалар «Бірлесіп, біз көп істер атқарамыз» Баянауыл ауданының жалпы білім беретін орта мектептерінде өтті.

Құрылтай күндері көптеген қызықты іс-шаралармен қоса әр ұйым келешектегі өз жұмысының жоспарымен таныстырды. Бірге өткізген күндер балалардың достығын нығайта түсті. Бұл – ең маңызды іс.Құрылтайдың соңғы күнінде белсенді балалар Құрмет грамоталармен марапатталды. Содан кейін балалар-жасөспірімдер ұйымдарының балалар және үлкендер палатасының төрағасын сайлау өткізілді. Павлодар қаласының № 8 лицей-мектебінің оқушысы Қазыбеков Хакім - балалар-жасөспірімдер ұйымының балалар палатасының төрағасы сайланды.

Қазақстанның балалар қоғамдық қозғалысы – Отанымыздың тарыхының жаңа беттері. Қазақстан азаматы мен патриотының басты қасиеттерін тәрбиелеу - балалар қозғалысының басты мақсаты.

 

Аня Рожицкая, Женя Бондаренко

М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының

Балалар баспасөз – орталығының корреспонденттері

 

 

 

Мы – одна команда!

22 – 24 ноября 2010 года состоялся V областной Курултай детско-юношеских объединений и общественных организаций «Жас ұрпақтың – жаңа мүмкіндіктері! Новое поколение – к новым возможностям!», посвященный 15 – летию Конституции Республики Казахстан и 20- летию Независимости Республики Казахстан.

 

В настоящее время в Павлодарской области действуют 319 детских общественных организаций и объединений, насчитывающих в своих рядах более 52 тыс. детей и подростков. Все они объединены в Общественное Объединение «Областная детско-юношеская организация». Это общественное добровольное, самоуправляемое, самодеятельное, некоммерческое формирование, созданное по инициативе детей и взрослых, объединившихся на основе общей идеи консолидации воспитательных задач, поставленных региональной программой воспитания «Тәрбие» (2006-2011 гг.), с целью всестороннего развития детей и юношества. В Областной детско-юношеской организации «Ертіс» проводятся областные заседания детской и взрослой палат, действуют проекты: час электронной почты, день областной детско-юношеской организации, выездные школы детского актива. 

С декабря 2006 года детско-юношеская организации выпускает свою газету «Сенің әлемің» - «Твой мир», в которой освещаются темы, связанные с жизнью и проблемами детей и подростков. В состав детской редколлегии входят юнкоры Детского пресс-центра и пресс-центра «Каламгер». 

Стало традицией проведение областной акции « Весенняя неделя Добра» под девизом «Мир не обойдется без меня». В рамках недели проходят: благотворительные акции, встречи с ветеранами войны и труда, трудовые субботники, экологические десанты, творческие встречи.. 

Детские объединения школ области стали активными участниками областного конкурса социальных инициатив «Парад проектов». На конкурс представляются социальные проекты, победители конкурса стали участниками Республиканского сбора юных лидеров «За нами будущее Казахстана». Совместно с Департаментом по защите прав детей в рамках проекта «Путь к успеху» организуются встречи с выдающимися людьми Павлодарской области

Детские организации работают по программам «Мое родное Прииртышье», создают свои программы, имеют уставы, законы, заповеди, правила, девизы, песни, эмблемы, галстуки и другую символику и атрибутику. Высшим органом всех детских организаций является Курултай, который проводится один раз в 2 года.

На этот раз он прошел в областном учебно-оздоровительном центре « Жас Даурен», расположенном в посёлке Баянауле.

Учредители и организаторы этого мероприятия: Управление образования Павлодарской области, Департамент по защите прав детей, Областной Дворец школьников им. М.М Катаева

В Курултае участвовало 180 человек, детей и взрослых: приехали лидеры детско-юношеских объединений и общественных организаций области, старшие вожатые, директора Домов творчества, представители районных и городских отделов образования, руководители кружков.

Каждый день имел своё символическое название: «Салем, Курултай!», «Талаптың міндім тұлпарын» и «Мы расстаемся, чтоб встретиться вновь», - это была очень насыщенная программа. В первый день прошёл стартовый сбор делегатов, ребята дружно кричали названия своих организаций и девизы и Пленарное заседание V областного Курултая детско-юношеских организаций. Вечером всех ждала первая зажигательная дискотека. Так все отдохнули от длинного и утомительного пути.

Интересным было открытие фотовыставки «Я и моя организация» в фойе спального корпуса лагеря. Эта выставка стала подарком нашего Курултая «Жас Даурену». Запомнилась всем и акция «Аллея дружбы» (посадка саженцев хвойных деревьев), трибуна лидера «Моя формула успеха», «Бал лидеров», Диско – шоу «Новая волна».

Второй день прошел труднее. Ребята и взрослые побывали на мастер-классах: «Лидерский центр», «Пресс-центр» «Я и мои права», «Досуговый», «Символы и ритуалы ДЮО», «Детская общественная приёмная», «Теле-класс», «Творческая мастерская», «Подарок другу», «Музыкальная гостиная». В мастер-классах принимали участие и местные ребята из баянаульских школ.

В течение этих дней работал штаб и пресс-центр Курултая, а творческие лаборатории «Вместе мы сможем больше!» прошли также на базах СОШ Баянаульского района.

В дни Курултая прошло не только множество интересных мероприятий и каждая организация представила свои планы работы на будущее. Это время сдружило ребят, а это, наверное, и было самым главным. В последний день, на закрытии Курултая активисты получили почетные грамоты. Затем прошли выборы председателя детской палаты детско-юношеских организаций - им стал Хаким Казыбеков, ученик 8 класса школы-лицея №8 г.Павлодара.

4

Детское общественное движение Казахстана – это новая страница историй нашей Родины. Воспитание основных качеств гражданина и патриота Казахстана является генеральной целью детского движения.

 

Аня Рожицкая, Женя Бондаренко – корреспонденты детского пресс-центра

Павлодарского Дворца школьников им.М.М.Катаева