Беделді байқау жеңімпаздары

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 20.02.2018 08:48
Победители престижного конкурса Победители престижного конкурса
Победители престижного конкурса Победители престижного конкурса

Оқушылар сарайының «Жұлдыздар» би студиясы Қазақстанның оңтүстік астанасынан екі бірдей би байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Ең алдымен жас бишілер беделді көп жанрлы барлық жас ерекшеліктеріне арналған «MEGA DANCE» би өнерінің Халықаралық конкурс-фестивальінде бақтарын сынады.

Бұл байқаудың ұйымдастырушылары Еуропа, Ресей және Азия еліндегі Internationalunion «ART GLOBAL PRODUCTION» атты фестиваль-конкурс комитеті болған еді. Аталмыш байқауда павлодарлық ұжым бірінші және екінші дәреженің дипломанттары атанды.

Дәл осы уақытта Алматы қаласында «ЭКЗЕРСИС» VII-ші би өнерінің Халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. «Жұлдыздар» студиясының жас таланттары бұл конкурста екі бірінші орын және бір екінші орын иегерлері атанды.

«Жұлдыздар» студиясының жетекшісі Анжела Тактаулова өз тәрбиеленушілерімен «Якутяночка», «Чунга-чанга» және «Танец для Микки» атты үш бірдей би қойылымын дайындаған болатын. Павлодарлық би студиясынан конкурста жиырма бір бала өнер көрсетті.