Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21017299
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8257 13117 21374 20754862 351023 433954 21017299 Сіздің IP: 216.73.216.107
Уақыт: 2026-01-27 14:15:11
|
Беделді байқау жеңімпаздары
Оқушылар сарайының «Жұлдыздар» би студиясы Қазақстанның оңтүстік астанасынан екі бірдей би байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Ең алдымен жас бишілер беделді көп жанрлы барлық жас ерекшеліктеріне арналған «MEGA DANCE» би өнерінің Халықаралық конкурс-фестивальінде бақтарын сынады. Бұл байқаудың ұйымдастырушылары Еуропа, Ресей және Азия еліндегі Internationalunion «ART GLOBAL PRODUCTION» атты фестиваль-конкурс комитеті болған еді. Аталмыш байқауда павлодарлық ұжым бірінші және екінші дәреженің дипломанттары атанды. Дәл осы уақытта Алматы қаласында «ЭКЗЕРСИС» VII-ші би өнерінің Халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. «Жұлдыздар» студиясының жас таланттары бұл конкурста екі бірінші орын және бір екінші орын иегерлері атанды. «Жұлдыздар» студиясының жетекшісі Анжела Тактаулова өз тәрбиеленушілерімен «Якутяночка», «Чунга-чанга» және «Танец для Микки» атты үш бірдей би қойылымын дайындаған болатын. Павлодарлық би студиясынан конкурста жиырма бір бала өнер көрсетті. |














