Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

14628945
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2761
8999
33800
14356641
103841
356704
14628945

Сіздің IP: 44.200.122.214
Уақыт: 2024-10-10 04:16:06

Оқушылар сарайының тарихы осылай басталды...

1978 жылдың 5 қараша күні біздің қаламыздың пионерлері керемет сыйлыққа ие болды. Бұл күні Павлодар қаласының көркіне айналатын таңғажайып сарайдың құрылысы аяқталды. Пионерлер сарайын салу үшін 2 миллион 800 мың.рубль қаржы жұмсалды. Бұндай қомақты қаржыға жалпы білім беретін үш мектеп салуға болады. Күн сайын Сарай оқушыларды қарсы алады. Балалар бұл білім мекемесінде әр түрлі үйірмелер мен бірлестіктерде шығармашлық қабілеттерін шыңдайды. Бұл күні Пионерлер сарайының алаңында мекеменің ашылу салтанатында балалар көп жиналды.

story1

 Жаңа Сарайдың кілтін  «Павлодаржилстрой» трестінің бас инженері А.В.Гальченко пионерлер сарайының директоры Т.М. Загребельнойға табыстады.

story2

Облыстық комитет партиясының бірінші хатшысы Б.Исаев 05.11.1978 жылы Пионерлер үйінің тұсауын кесті.

story3

1978 жылы 5 қараша күні Пионерлер үйінің туған күні. Виталий Петрович Никитенконың (1936 - 2007) басшылығымен Сарай бақытты балалық шақтың өмірін, әдемі зәулім ғимаратында бастады.

story4

Шығармашылық үйірмелердің жұмысы, танымал адамдармен бірінші кездесулер, ең алғашқы мерекелер мен слеттер, бірінші конференциялар В.П.Никитенконың басшылығымен басталған болатын.

story5

Нэлли Федоровна Баранник (1937 - 1997) – Пионерлер және Оқушылар үйінің директоры.

Пионерлер және Оқушылар үйінің директоры Н.Ф Баранниктің жұмыс атқару жылдары балалармен тығыз байланыста болып, бақытты кездердің бірі болды. Ол 1982 жылдың қыркүйегінен бастап 1997 жылдың наурыз айына дейін басшылық етті.

Одан әрі 90-шы жылдары  басшылық қызметті жалғастырған Луб Екатерина Петровна (1955 – 2016) болатын. Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, педагогикалық еңбегінің ардагері. Бұл қиын-қыстау жылдары Екатерина Петровна Сарайдың мәдениетімен, таңғажайып шығармашылық ахуалын, сонымен қатар ересектер мен балалардың ұжымдарын сақтап қалып, Оқушылар сарайын жаңа сапалы деңгейге жеткізді. Екатерина Петровна ұстаздар қауымының шығармашылық құзырлықтарына қолдау жасай отыра, әрбір ұстаздың кәсіби біліктерін арттыруға көмегін беріп, өзі шебер ұстаз бола отыра, үлгі бола білді.

story21

 

Біздің дәстүрлер

Павлодар облыстық Оқушылар сарайы - бұл өзіндік дәстүр, құндылық, мереке, слет, жиын, сайыс, қуаныш пен жеңіске толы балалық шақтың ерекше мекені. Шығармашылық ортаға айналған бұл зәулім сарайда атадан балаға мирас болып қалып отыратын ұстаздардың тәжірибесі мол.

story6

Қыркүйек айында оқу жылы басталғанда 10 күн өткен соң Пионерлер үйінің есігі барлық қала мектептерінің оқушыларына айқара ашылады. Пионерлер сарайында алғашқы оқу жылы басталғанда мерекенің өтуі дәстүрге айналған. Бұл күнге дейін үйірмелерге жазылу басталып кетеді. Оқушылар сарайының алаңы мыңдаған кішкентай жеткіншектерге толы болып, Сарайға алғаш рет қыздар мен ұл балалар асыға келді.

11. 09.1982 жылы оқу жылының ашылуына байланысты салтанатты мереке өтті.

 

М.Катаевтың еске алу күні

Пионерлер Сарайынан Оқушылар Сарайына қалған бір дәстүр бар. Ол Кеңес одағының батыры М.Катаевты  еске алу күні. Оқушылар Сарайының аты осы батырдың атында. Бұл күні батырдың ескерткішінің маңында күзет орналастырып, ұстаздар өз тәрбиеленушілерімен батырдың жасаған ерліктері туралы сөз қозғап, қаламыздың мектептерінен ең үздік октябряттар қатарынан пионерлер қатарына салатанатты жиналыста өткізеді.

story7

М.М.Катаевты еске алу салтанатты жиналысы. 1983 жыл, 26 қаңтар пионерлер қатарына өту салтанаты.

 

Үйірмешілер күні

story8

Сәлем, түлек!

Сен бүгін шығармашылыққа толы мекен,

Оқушылар сарайына қайта келдің!

Бұл жерде саған керегінің бәрі бар:
• Балалық шақтың бақытты кезі,
• Мейірімді достар мен сүйікті ұстазың,
• Жеке тұлға ретінде өсу.

 

Дружина күн

Бұл оқу жылында пионерлер дружиналардың жұмыс жасаудың жаңа формасы қалыптасты. Сарайдағы Дружина күні. Қаладағы ең үздік пионерлер қатары өздерінің жексенбілік күндерін Пионерлер үйінде өткізетін болған. Олар үйірмелер жұмысында, пионерлер белсенділерінің секцияларында бос уақыттарын өткізді. Дружиналар бұл жерде октябряттар қатарынан пионерлер қатарына өту салтанатын өткізеді,  (№21 ом), немесе целина мерекесі (№27 ом), салтанатты жиындар, «Дайын бол!» ойын-эстафетасы ,(№16 ом) және тағы да басқа мерекелер. Ал Сарай көркемөнер, би, вокал, цирк, драмалық ұжымдар сахына төрінде өнерлерін көрсетеді.

story10
story11

№ 21,19 мектептердің дружиналары Сарайда алғаш рет мерекелерін өткізді. 13.11.83 жылы  бұл суретте үзінділер бар.

 

Сарайдың құрметті қонақтары

story12

1982 жылдың көктем айында Қазақстанның Компартиясының алғашқы хатшысы Динмухамед Ахметұлы Қонаев алғаш рет келген болатын.

story13
story14

4 желтоқсан 1979 жыл.

Оқушылар сарайына алғаш рет ғарышкер-ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Л.М Губарев келгенде балалар қатты қуанды.

story15
story16

story17

«Қызыл іззерттегіштерде» қонақта болып, - Құрметті балалар, сендер хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеп жатқан жұмыстарыңда табыс тілеймін. сендер өте керммет,және керекті іс істеп жатырсыңдар, сендерге алғыстарым шексіз деді, - ол.

Балаларға қонаққа екі мәрте Кеңес Одағының батыры, ғарышкер-зерттеуші Аксенов Владимир Викторович келген болатын.

story18
story19

story20

 

XXI ғасыр

1997 жылы Павлодарда «Айналайын – Ертіс – 97» екінші Халықаралық жас таланттардың фестивалі өтті. Фестивальге «Бөбек» республикалық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева және Қазақстан Республикасының білім және мәдениет министрі Имангали Нұрғалиұлы Тасмагамбетов қатысқан болатын. 1985 жылдың мамыр айында «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» атты мемориальдық мұражай ашылған болатын. Басқа мұражайларға қарағанда бұл мұражайдың жұмыс бағыты хабар –ошарсыз кеткен солдаттарды іздеу. Біздің мұражай Жеңіс күнінің естеліктерін мәңгі еске сақтау құқығы бар. Мұражайдың экспозициясында 400-ге жуық зерттеу жұмыстары және ұлы Отан соғыс жылдарындағы тарихтың барлығы жинақталған. Мұражайда Оқушылар сарайының есімі берілген Кеңес Одағының батыры Михаил Максимович Катаевтың өмірі және батырлық жолы туралы тың мәліметтер бар.

1998 жылы «Жас қалам» жас тілшілердің ең алғаш фестивалі өтті. 2003 жылы өткен балалар-жасөспірімдер ұйымдарының Құрылтайы облысымыздың түкпір-түкпірінен көшбасшыларды жинаған болатын. 2006 жылы «Білім ұясы» 2 Республикалық конкурсы бойынша «Ең үздік Оқушылар сарайы» атты атаққа ие болды.

«Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайы Республикалық мұражайлар конкурсында жүлделі орынға ие боды.

«Сенің әлемің - Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газетінің ең алғашқы баспа нұсқасы шықты.

story22

2007 жылдың желтоқсанында «Ертіс» облыстық қоғамдық ұйым «Балалық шақ досы - Друг детства» Бірінші Ұлттық конкурста жеңіске жетті, «Үздік үкіметтік емес ұйым» номинациясында ол лауреат атағын иеленді.

story23

Заманауи Оқушылар сарайы Пионерлер сарайының ізін басты.

2013 жылдан бастап ҚМКМ «М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында» Алма Жұмабайқызы Ерубаева басшылық етеді. Профессионалдық жұмыс жолында, еңбегінің жетістігі үшін Алма Жұмабайқызы «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгімен, «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған төс белгісімен, ҚББ РОӘО атынан алғыс хатпен, ЮНЕСКО-ның алғыс хатымен марапатталды.

story24

2014 жылы танымал ғылыми фильмдерді көруге арналған толыққанды сандық кинотеатрдың ашылуы өтті.

story25

Ұлы отан соғысының 70-жылдығына орай «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» атты мемориальдық мұражай қайта өңделіп, ашылу салтанаты өтті.

Қазіргі таңда мұражайда келесі тақырыптарға сай тоғыз экспозиция бар: «Без вести не пропал...», «Павлодарцы - Герои Советского Союза», «Павлодарцы - кавалеры трёх Орденов Славы», «Священная земля с мест боёв», «Деды - ветераны» (о ветеранах Великой Отечественной войны), «Внуки - следопыты» (о деятельности отряда «Красных следопытов»), «Эвакогоспиталь № 2448». Соғыс ардагері Владимир Михайлович Дьяченкоға арнайы экспозиция қарастырылған.

story26

2015 жылы «Пионерлер қатарынан Жас ұланға дейін» атты Павлодар облысының пионерлер қозғалысына арналған мұражай ашылды.

Павлодар облысының балалар-жасөспірімдер ұйымы – ҚБ ҚББҰ заңды тұлғалық мәртебесіне ие болды.

story27

2015 жылдың 6 қараша күні астрономиялық обсерваторияның ашылуы. Бұндай салтанатты мерекеге ғарышқа 545-рет сапар шеккен, әлем ғарышкері Айдын Айымбетов келген болатын.

story28
story29

2014 жылдан бастап Оқушылар сарайы дарынды балаларды тәрбиелеу және тәрбиелеу бойынша Омбы қалалық әкімшілігінің Білім басқармасымен ынтымақтастық жасады.

2015 жылы «Бүгінгі және ертеңгі балаларға қосымша білім беру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тиімді жұмыс тәжірибесі. Кездесу қорытындысы бойынша Павлодар қаласының білім басқармасы мен Омбы қаласы әкімдігінің білім беру бөлімі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

story30

2015 жылы М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайына халықаралық білім беру кеңесшісі, Англия Королі Мәртебелі инспекторы және білім беру ұйымдарын тексеру бойынша пилоттық жобаны әзірлеушілердің бірі Энди Рид келді.

story31

Оқушылар сарайында 2016 жылы тамыз айында «Жас ұлан» облыстық БЖҰ-ның жауапты хатшыларының қатысуымен Республикалық кеңес өтті. Балалар қозғалысы Департаментінің әдіскерлері «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының облыстық штаб-пәтерінің 2016 жылы «Жас Ұлан» БЖҚ -ның Республикалық штабы ұйымдастырған Оқушылар сарайының негізінде тәжірибе жинақтап және балалар қозғалысының дамуының инновациялық моделі ретінде ұсынды.

story32

2016 жылдың желтоқсан айында М.М.Қатаев атындағы облыстық мектеп оқушылары сарайы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істейтін шетелдік педагогтардың делегациясын қабылдады. Зора Кеффер (Канада), Эрвин Шолц (Оңтүстік Африка), Мануэль Ортега (Колумбия), Антонио Родригес (АҚШ) балаларға қосымша білім беруді ұйымдастырудың принциптері мен формаларымен танысты.

story33

2017 - 2018 оқу жылында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ бағдар: рухани жаңгыру» «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласын іске асыру басталды. 2018 жылыдң 2 наурызында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Кабинеттің тұсау кесу шарасына Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Абзал Нүкенов, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төраға міндетін атқарушысы Талғат Ешенкулов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы және  облысымыздың дамуына үлкен үлестерін қосқан Павлодар Ертіс өңірінің қауымы, құрметті қонақтар қатысты.

story34
story35

2018 жылы Оқушылар сарайының әдіскерлерімен Павлодар облысының өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолдарының Концепциясы зерделенді. Бұл концепция «Менің Туым», «Family day», «Адал friends», «ЭКОboom», «Шаңырақ», «Бала-business» атты жобалармен толығып аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып жасалынды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында белгіленген білім беру саласындағы міндеттерді іске асыру шеңберінде Оқушылар сарайында IT-класс, Start-Up Academy, 3D-модельдеу зертханасы және Роботкешенді зертханалары ашылды.

2018 жылыдң жаз мезгілінде «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсен және Қазақстан Республикасының Мәжіліс парламентінің Депутаттары Оқушылар сарайының заманауи IT-сыныптарымен танысты.

story36
story37

2018 жылдың 14 қыркүйек күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайына Қазақстан республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев келді.

story38

2019 жылдың 18 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» кабинетінің жалғасы болатын «Ұлы дала ұлағаты» галереясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Галереяда Еліміздің тарихы және Тәуелсіз Қазақстанның құрылуының негізгі кезеңдері көрсетілген.

story39
story40