Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратҚосымша ақпарат
Біздің қатысулар9695900
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1071 7275 16793 9494397 167771 203019 9695900 Сіздің IP: 34.232.63.94
Уақыт: 2023-03-30 04:22:16
|
Әдістемелік бөлімі
Меңгерушісі: Ашенова Баглан Ердымбаевна
«Мұрагер» патриоттық клубы 5-11 сыныптар арасындағы Павлодар қаласының оқушыларына арналған қоғамдық бағытты ұстанатын клуб. Клубтың қызметі балалар мен жасөспірімдерде жоғары патриоттық сана-сезімі және белсенді азаматтық айқындамасын қалыптастыруға бағытталған. Сабақ зияткерлік ойындар, белсенді кездесулер, дөңгелек үстелдер түрінде өткізіледі, негізгі бағыты - мұражайлық. Клубтың қызметі жас экскурсоводтарды дайындау, «Аталар-ардагерлер, немерелер -із-зерттегіштер» мұражайының мұрахатымен жұмыс істеуді қарастырады. Жетекшісі: Беккожина Бахыт Сагантаевна
«Speak» клубы Клуб жұмысының бағдарлама мазмұны құқық қорғау, бостандық және тұлғаның заңды қызығушылығында оқушылардың құзыреттілігін дамыту, қоғамдық құндылық ретінде құқыққа өз көзқарасын анықтау. Клубтағы сабақтар оқушылардың қызығушылық пен құқықтарын бұзумен байланысқан әртүрлі жағдайларды шешуге арналған, оқушылар арасында, педагог пен ата-аналар арасында дұрыс қарым-қатынасты қамту, іс жүзіндегі құқыққа тәрбиеленушілерде жеке көзқарасты тәрбиелеу, азаматтық қоғам жағдайында әлеуметтенуге қабілетті тұлғаның дамуына жағдайлар туғызу. Жетекшісі: Оразбаева Айжан Жумагуловна
«Қаламгер» баспасөз орталығы «Қаламгер» баспасөз орталығы 2006 жылы құрылды. Журналистік іс-әрекет білім беру әлеуеті бар, балаға өз пікірін еркін білдіруге, белгілі бір дағдыларды, адамгершілік сенімдерді, коммуникативті тәжірибені, өмірлік белсенділікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жетекшісі: Аипова Әсем Серікқызы
«Ғажайып қазақ тілі» «Ғажайып қазақ тілі» үйірмесі Павлодар қаласының 1-4 сынып оқушыларына мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған. Үйірме сабақтары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Үйірменің ерекшелігі мен бірегейлігі: ойындар, топтық жұмыстар, карточкалар бойынша жұмыстар арқылы тілді меңгеру. Жетекшісі: Ермекова Галия Тагировна
|