Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12201103
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2057
6864
29889
11892816
263174
235990
12201103

Сіздің IP: 44.222.218.145
Уақыт: 2024-02-23 09:37:29

Мінбедегі басшы пікірі

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының балаларға арналған қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялық қызметі

Балаларға қосымша білім беру - бұл балалар шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін жеке өзін-өзі анықтау, қоғамдағы өмірге бейімдеу, азаматтық өзіндік сана-сезімді, қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жалпы мәдениетті, СӨС, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және балалар мен жасөспірімдердің, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасау жүйесі.
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында қосымша білім беруді дамытудың стратегиялық тәсілдері өскелең ұрпақты әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамытудың басты міндеттерін шешуге бағытталған және Қазақстан Республикасының Конституциясы және Заңдары белгілеп берген Қазақстанның тәрбие саясатының негізгі қағидаларын іске асырады.
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының қызметі Қазақстан Республикасында қосымша білім беруді дамыту стратегиясына және 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы білім және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес құрылады.
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының басты бағыттары, мақсат, міндеттері мен тәрбие механизмдері тәрбиенің Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамалық негіздері мен тұжырымдамасы негізінде әзірленді.
Білім беру жүйесінің барлық құрылымдық компоненттерінің инновациялық даму курсы мен жаңғыруы білім беру мазмұнын сапалық өзгерту және жаңа білім беру нәтижелерін алуды көздейді.
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы  - бұл көпсалалы қосымша білім беру ұйымы. Негізгі бағыттар:
- балаларға қосымша білім беру қызметін көрсету;
- облыстың жалпы және қосымша білім алу педагогикалық қызметкерлерімен әдістемелік жұмыс;
- облыстық бұқаралық іс-шаралар өткізу;
- бұқаралық балалар қозғалысын дамыту.
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы – бұл көпсалалы қосымша білім беру ұйымы, оның ғимаратында 50 заманауи оқу кабинеттері, 3 хореография залы, үлкен театр және шағын дәріс залдары, «Аталар - ардагерлер, немерелер- іззерттегіштер» әскери даңқы мұражайы, «Рухани жағыру» кабинеті, «Ұлы дала ұлағаты» галереясы, интерактивті жабдықтармен қамтылған 9 кабинет, 3 планетарлық, 2 күн телескопы бар обсерватория, планетарий, мультимедиялық жабдықтары бар астрономиялық сынып, дыбыс жазу студиясы, 5 вокал студиясы, қазақ халық аспаптары оркестрінің кабинеті, коворкинг, астрономия зертханасы, фотостудия алаңы, лэд-экран, лэд-жарық перде бар.
Білім беру саласындағы міндеттерді іске асыру аясында 2018 жылы Оқушылар сарайында IT-сынып, Start-up академиясы, 3D модельдеу зертханасы қамтылған балалар технопаркі роботтандырылған кешендер зертханасы құрылды. 2020 жылы жасыл технологиялар кабинеті ашылды. 2021 жылы «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі жабдықталды, «Жас екпін» домбыра ансамблінің кабинеті жаңартылды, ОС компьютерлік паркі жаңартылды (моноблоктар, компьютерлер, принтерлер, интерактивті панельдер-5 дана, БАҚ-пен жұмыс жөніндегі бөлімге арналған жабдық, «Білімпаз» бөлімінің оқу кабинеттеріне арналған жиһаз, мүгедектер арбасына арналған подьемник, пианино- 2 дана. 2022 жылы «SENIM ROOM» психологиялық көмек кабинеті, археологиялық мектепке, «Bеauty studio» шаштараз өнері студиясына, «Тұмар» вокалдық студиясына арналған кабинеттер жабдықталған.
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы құрылымы бойынша 7 бөлімнен тұрады: әдістемелік, эстетикалық, көркемөнерлік тәрбие, ғылым және техника, «Білімпаз» эстетикалық тәрбие және дамыту бөлімі, әкімшілік – шаруашылық, БАҚ жұмыс бойынша бөлім,«Тәрбие алаңы»жобалық кеңсесі.
2022-2023 оқу жылында балаларға қосымша білім беруді ұйымдастырумен 90 педагог қызметкер айналысты. Білім деңгейі бойынша жыл сайын жоғары педагогикалық және жоғары кәсіптік білімі бар педагогтердің саны басым болады. Олардың үлесі 2022-2023 оқу жылында 95,5% - ды құрады. 11 педагог (12%) магистр дәрежесіне ие. Ұжымның негізін 30 жастан 50 жасқа дейінгі педагогтар құрайды (53%). Жыл сайын ұжым жас мамандармен толықтырылады. Мұғалімдердің орташа жасы-42 жас. Бұл ұжымның жеткілікті жұмыс қабілеттілігін көрсетеді.
Ұжымның 72% - 10 жылдан 30 жылға дейін және одан да көп тәжірибесі бар педагогтер құрайды. 14 адамның 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар, бұл 16 % құрайды, 5 жылдан 10 жылға дейін - 11, бұл 12% құрайды. Оқушылар сарайының педагогтері 5 жылда бір рет кесте бойынша біліктілік аттестаттаудан өтеді. 2023 жылы жаңа форматтағы санаттарға 5 адам ие болды: педагог-модератор – 3, педагог-сарапшы - 2. Оқушылар сарайында барлығы 8 педагог педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы – 2, педагог-модератор – 2 санатына ие.
Оқушылар сарайының педагогтері түрлі кәсіби конкурстарға қатысады, педагогикалық журналдарда, конференцияларда, облыстық семинарларда, республикалық біліктілікті арттыру курстарында, бөлімдердің әдістемелік кеңестерінде өз тәжірибелерін ұсынады. 2022-2023 оқу жылында Е.А.Каркавина «Усы Дали» халықаралық шығармашылық суретшілер байқауында 1 орын Дипломын иеленді. А.С. Аипова «Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» республикалық байқауында 2 орынды жеңіп алды, осы байқаудың облыстық кезеңінде 1 орынды иеленді. «Дара бала» республикалық байқауында Д.Ж.Жагслах Дипломға ие болды. «Педагогикалық шеберлік-2023» облыстық байқауында Е.И. Чидунчи 1 дәрежелі Диплом, В.А. Дмитриева 3 дәрежелі Диплом алды.
Облыстық тамыз конференциясында «Смарт-педагог» номинациясы бойынша Г.К. Баубекова марапатталды.
6 шығармашылық ұжым үлгілі атағына ие: «Блэйз»  эстрадалық би студиясы,  «Вдохновение» би ансамблі, «Жас екпін» домбыра оркестрі, «Арман - шоу» театр-студиясы,  «Свет звезды» ән театры,  «Тип-Топ» заманауи балалар би студиясы.
Оқушылар сарайында білім берудің негізгі функцияларының бірі іске асырылуда: балалардың барлық санаттары үшін, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдер үшін қолжетімділік.  ЕБҚ бар балалар санының жыл сайын өсуі байқалады. 2021-2022 оқу жылында - 30 оқушы, 2022-2023 жылдары – 34. ЕБҚ бар балаларды оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Шығармашылық студиялар мен үйірмелерде балалар шығармашылығы мен бос уақытын ұйымдастырудың әр түрлері мен формалары қолданылады, бұл әр балаға өзін-өзі тану саласын табуға мүмкіндік береді.
ЕБҚ бар балалар топтарда және жеке-жеке айналысады, танымдық,ойын - сауық және концерттік бағдарламаларға, тренингтерге, флэш-мобтарға, көрмелерге қатысады.
Оқу-тәрбие жүйесін құра отырып, Оқушылар сарайы қосымша білім беру қызметтерінің қажеттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету өз қызметінің шешуші буыны деп санайды.
2022-2023 оқу жылында Сарайдың 65 шығармашылық бірлестігінде келесідей бағыттар бойынша 2367 тәрбиеленуші шұғылданады:
•    мемлекеттік және ағылшын тілдерін зерделеу,
•    халық қолданбалы шығармашылығы,  
•    көркемөнер және эстетикалық тәрбие,  
•    ғылыми-техникалық шығармашылық,  
•    балалар бұқаралық қозғалысын дамыту.
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогикалық ұжымының құрамы келесі бағдарламаларды жүйелі түрде жүзеге асырады:
•    Даму бағдарламасы.
•    Білім беру қызметінің бағдарламасы.
•    Тәрбие жұмысының бағдарламасы.
•    Педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту бағдарламасы.
•    Балалардың өзін-өзі басқаруын дамыту бағдарламасы.

ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Оқушылар сарайының оқу-тәрбие жұмысы бұл тәрбиеленушілермен педагогтің арнайы ұйымдастырылған қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
•оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешу;
• балалардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
• әлеуметтену және ерте кәсіптендіру үшін;
Оқушылар сарайының оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру келесі ерекшеліктерді қамтиды:
• Оқушылар сарайындағы оқыту жалпы орта білім беру мекемелерінен бос кезде жүзеге асырылады:
• оқыту бір жастағы және әр түрлі жастағы топтарда ұйымдастырылады (студиялар, ансамбльдер, үйірмелер, театрлар мен клубтар). Топ құру барлық тараптар үшін ерікті;
• ұжымдардағы сабақтар Сарайдың әдістемелік кеңесінде бекітілген бағдарламалар бойынша педагогтер әзірлеген және сол бағдарламаға сәйкес өткізіледі;
• баланың бірнеше үйірмеге қатысу құқығы бар.
Сарайда оқу жылы 15 қыркүйектен басталып, 25 мамырда аяқталады. Балалардың бұқаралық іс-шараларға қатысуы демалыс, мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, жыл бойы ұйымдастырылады.
Оқу процесін ұйымдастыру педагогтердің оқу жүктемесін, балалардың жас ерекшеліктерін, кабинеттердің жұмыспен қамтылуын және санитариялық - гигиеналық нормаларды ескере отырып жасалатын кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Бірінші оқу жылындағы топтарда сандық құрам – 15 адам, екінші оқу жылында – 12 адам, эксперименттік және зерттеу топтарында-8 адам.

Білім беру қызметі

Студия, үйірме немесе клуб жұмысын ұйымдастыру үшін Оқушылар сарайының педагогтары қызмет бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлейді: вокал, хореография, этнография, әдеби және театр шығармашылығы, балалар журналистикасы, жалпы техникалық модельдеу, әлеуметтік-педагогикалық. Әр бағдарламаға қаланың жоғары оқу орындарының оқытушыларының рецензиясы беріледі. Лицензияланған бағдарламасы бар педагогтердің саны жыл сайын артып келеді: 30% - 2018-2019, 31,9% - 2019-2020, 41% - 2020-2021, 41,55% - 2021-2022, 40% - 2022-2023. Екі бағдарлама авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды.
Оқу-тәрбие бағдарламасының мазмұнының бағыттары:
-балалар шығармашылығын қолдау және дамыту;
- әлеуметтік, мәдени және кәсіби өзін-өзі анықтау, жеке тұлғаның шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау;
- салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу;
- оқушылардың рухани-мәдени құндылықтарын дамытуға, өз және басқа халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу және жағдай жасау.
Білім беру қызметі көркемөнер және эстетикалық тәрбие беру, ғылыми-техникалық, балалар бұқаралық қызметі бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Көркемдік бағыт келесі ұжымдарда жүзеге асырылады:
Хореографиялық ұжымдар:«Блэйз» эстрадалық би студиясы, «Тип-топ», «Вдохновение» би ансамблі, «Жулдыздар» би студиясы, «Еркемай»;
Вокалдық ұжымдар: ««Арман-шоу, Жас дәурен», «Аймикс», «Свет звезды» ән  театры, «Тұмар»;
Домбыра ұжымдары: «Жас екпін», «Мұрагер»;
Театр өнер ұжымдары: «Арман-шоу», «Калейдоскоп», «Арлекино», «Сөз өнері»;
Ұжымдар облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.
Алты ұжым «Үлгілі» атағына ие: «Вдохновение», «Блэйз», «Свет звезды», «Жас екпін», «Арман-шоу», «Тип-топ».
Эстетикалық тәрбие  3 бағыт бойынша ұсынылған:
Бейнелеу өнері: «Сымбат», «Палитра», «Жас суретшi», «Акварель», «Радужка»;
Сәндік-қолданбалы өнер: «Декор», «Арт - Идея», «Глинка»;
Ұлттық қолданбалы өнер: «Сырмақ»;
Шаштараз өнері: «Стиль», «Bеаuty studio».
Бөлім педагогтері облыстық сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінің ұйымдастырушылары мен қатысушылары болып табылады, тәрбиеленушілер жыл сайын халықаралық және республикалық конкурстардың жүлдегерлері болады.
Ғылыми-техникалық бағыт келесі ұжымдарда білім беру қызметін жүргізеді: «Basic Design», «IT- junior»; «Жалпы техникалық модельдеу», «Робототехника», «Антарес» жас астрономдар клубы, «Biogreen»экологиялық үйірмесі, «Bridge to English» және «English Time» ағылшын тілі үйірмелері, «Қазақша сөйлейік» қазақ тілі үйірмесі, «Королевский гамбит» шахмат үйірмесі.
Ғылым және техника бөлімі педагогтерінің негізгі басымдығы кәсіби, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру, қазақ және ағылшын тілдерін, робот техникасын, астрономияны оқуға деген қызығушылығын дамыту болып табылады.
«Білімпаз» эстетикалық тәрбие және дамыту студиясы 5 және 6 жастағы балаларға қазақ және орыс тілдерінде сабақ ұйымдастырады. 21 топ 248 тәрбиеленушіні бііріктіреді. Жұмыс келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылған: ритмика, экологиялық, бейнелеу, логикалық, математикалық, ағылшын және қазақ тілдері, тіл дамыту. Студияда оқу дағдылары қалыптасады, тәрбиеленушілерді оқу қызметіне психологиялық бейімдеу, халықаралық және республикалық конкурстарға қатысу арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін ашу жүргізіледі.
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт «Познай себя», «Қаламгер» баспа орталығы, «Мұрагер»жас экскурсовод мектебі, «Speak»дебат клубы, «Юный юрист», «Ашық жүрек», «Мейір» еріктілер бағытындағы клубтарымен және археологиялық мектебімен ұсынылған.
 

Балалардың жаппай қозғалысын дамыту

Әдістемелік бөлім Павлодар облысы бойынша «ЖасҰлан» ББЖҰ қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Балаларды өзін-өзі басқаруды дамыту бағдарламасы оқушылардың қоғамдық өзін-өзі басқаруға қатысуға дайындалу, қоғамда бейімделуге, өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті шығармашылық және зияткерлік мәдениетте еркін тұлғаны дамыту құқығын жүзеге асырады.
Басым бағыттардың бірі жобаларды іске асыру арқылы мектеп жасындағы балаларды барынша қамтуды қамтамасыз ету болып табылады.
2022-2023 оқу жылында «ЖасҰлан» облыстық штабы 6 облыстық жоба өткізді: «Head stars», «Профи time» пікірталас бағытындағы облыстық жобасы, жасқырандықтарға арналған «Жасқыран Kids» облыстық жобасы, «Ертіс өңірі – адалдық алаңы» облыстық құқықтық жобасы, «Өзін-өзі басқарудің үздік органы» облыстық жобасы, «Үздік Ұлан-2023 Қыранбасы» облыстық жобасы. Олар барлығы кешенді болып келеді.
«Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумы, «Адал ұрпақ» мектеп ерікті клубтарының облыстық слеті, ЖҚЖИ облыстық слеті өткізілді.
Жобаларды іске асыру шеңберінде жалпы саны 19774 адамды қамтитын 85 іс-шара өткізілді.
Баянауыл, Май және Успен аудандарына арналған «Жетістік.fm» 3 көшбасшылық мектебі өткізілді. Мектеп қатысушылары патриоттық және құқықтық бағытта білім алды, ал педагогтермен мектептің өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Оқу жылы ішінде «Dream team» көшбасшысының онлайн мектебі өтті, онда жасқырандықтар сабақтарға, шеберлік сабақтар мен тренингтерге қатысты. Облыстық штаб жұмысы аясында көшбасшылардың бастамасымен Павлодар мектеп президенттерінің қауымдастығы (ұланбасы) құрылды.20 отырыс өткізілді, онда штабтың негізгі іс-шаралары және оларды дайындау талқыланды, шығармашылық алаңдар әзірленді.
 «Жас Ұлан» қызметтің негізгі бағыттары: «Зерде», «Руханият», «Отан», «Жетіжарғы»,  «Еңбек», «Экоәлем».
2022-2023 оқу жылында «Жеті жарғы» бағытында құқықтық бағытқа көп көңіл бөлінді. «Ертіс өңірі-Адалдық алаңы» облыстық жобасы іске асырылды. 1 кезең – «Таза қолдар» сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік әлеуметтік роликке қашықтан конкурс, 2 кезең – «Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» қашықтан эссе конкурсы, 3 кезең – «Ертегілер әлеміндегі сыбайлас жемқорлық» театрландырылған қойылымдар конкурсы, 4 кезең – «Жемқорлық - індет, жою міндет!»бейневлог жүргізу бойынша конкурс .
«Жеті Жарғы» бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментімен және Павлодар облысының білім беру басқармасымен құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша ынтымақтастық ұйымдастырылды.
«Адал Ұрпақ» ерікті клубтарының V облыстық слеті, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» іскерлік ойыны, «Менің бақытты балалық шағым» қашықтан бейнероликтер байқауы, мектеп омбудсмендерінің алғашқы жиыны, «Интернет: бостандық, құқық және жауапкершілік» өзекті әңгімесі, жол қозғалысының жас инспекторлары жасақтарының слеті өтті. Жыл ішінде осы бағыт бойынша жалпы саны 630 адамды қамтитын 14 іс-шара өткізілді.

«Руханият» бағытында волонтерлік қызмет облыстың барлық білім беру ұйымдарында өтті. Еріктілер қатарынан белсенділер штабы құрылып, оқу жылы ішінде «LIFE еріктісі» жиындары өткізілді. Жасқырандықтардың арасында «Шанс» акциясын өткізді - жануарларға арналған баспаналарға көмек көрсету, №1,№4,№7 ЖОМ тәрбиеленушілеріне арналған «Be happy» ойын-сауық бағдарламасы, Павлодар қаласы мектептерінің жасқырандықтарына арналған «Зов джунглей» жаңажылдық шытырман оқиғасы, «Ерікті болу өнері» ойын шеберханасы. Іс-шараға 2643 оқушы қатысты.
«Зерде» бағыты шеңберінде білім беру басқармасымен бірлесіп 2022-2023 оқу жылына арналған «Оқушылар мен студент жастардың пікірсайыс қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын дамыту жөніндегі өңірлік жоспар әзірленді.
Жобаның басты мақсаты қоғамда туындайтын проблемаларды жария талқылау және талдау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады.  Мектептердегі пікірсайысшылардың көбеюі. Павлодар облысында мемлекеттік тілде 201 клуб, орыс тілінде 125 клуб және ағылшын тілінде 8 клуб жұмыс істейді. Оқу жылы ішінде 10950 оқушыны қамтитын 1565 мектепішілік пікірсайыс турнирлері өткізілді. Аудандық және қалалық пікірсайыс турнирлері деңгейінде 1245 оқушыны қамтитын 83 ойын өтті.
Павлодар облысы әкімінің кубогына "Пікірсайыс алаңы" облыстық іріктеу пікірталас турнирі өтті. Оған 131 команда (337 қатысушы) қатысты.
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрлігінің кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша біздің облыс қазақ және ағылшын лигаларында 2 бірінші орынды иеленді, орыс лигасында үздік 6 команданың қатарына енді.
Павлодар облысының оқушылары арасында Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өткізілді, оған үш лигада - қазақ, орыс, ағылшын-53 команда (106 қатысушы) қатысты.
«Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдарының командалары арасында «Жас Ұлан Stile» тақырыбында облыстық «Жайдарлы Жас Ұлан» зияткерлік байқауы өтті.  Аудандық және қалалық байқауға қырықтан астам команда қатысып, финалға он бір команда қатысты. Қамту 131 адамды құрады.
«Зерде» бағытындағы іс-шараларға 12769 оқушы қатысты.
«Отан» патриоттық бағытында оқу жылы ішінде Павлодар облысының жасқырандықтары үшін бес кезең бойынша «Жасқыран KIDS» облыстық жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты: бастауыш мектеп жасындағы балалардың іске жауапкершілікпен қарауын жандандыру және көшбасшылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, жасқырандықтарға деген қызығушылық пен назарды арттыру. Балалар «Поле чудестің» «Мен патриотпын» тақырыбындағы Kinder шоуына, «Киндер-шоуда» -жаңа фристайлға, Павлодар облысы құрылғанының 85 жылдығына, «Ақ қанат арман» шығармашылық апталығына, «Мен өз елімнің патриотымын» атты құрметті Отанының немесе мекенжайының макеттері байқауына, «Қазақстан елім-мекенім» ойынына қатысты.
Облыстық «Үздік мектеп өзін-өзі басқару органы» жобасы аясында «Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары» атты өзін-өзі таныстыру байқауында 8 мектеп президенті бақ сынады. «Жас Ұлан» «балалар-жасөспірімдер ұйымының қызметін насихаттау мақсатында Қыранбасы «Үздік Ұлан-2023» облыстық байқауы өтті. «Отан» бағытындағы іс-шаралармен 268 оқушы қамтылды.
Күзгі каникул кезінде «Эко – әлем» бағытында Павлодар қаласының оқушылары арасында «Дармарка» акциясы өткізілді. Акцияға 59 бала қатысты. Барлық қатысушылар акцияға үлкен жауапкершілікпен қарады, осылайша көптеген адамдар заттарға екінші өмір сыйлады.
«Еңбек» бағытында бұқаралық іс-шаралардың бірі «Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумын өткізу болып табылады. Іс-шараға аудандық, қалалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумдарының 85 жеңімпазы қатысты. Облыстық «Профи-time» жобасы аясында «Барлық мамандықтар маңызды - барлық мамандықтар қажет» үгіт-насихат бригадаларының байқауы өтті. Павлодар қаласындағы Жеті колледждің түрлі курс студенттері бақ сынасты. 191 адам қатысты.
Жыл сайын «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына қосылған оқушылар саны артып келеді. Қазір облыстық ұйымда 53251 жас қыраншы және 72036 жас ұланшы бар.

Әдістемелік жұмыс

Оқушылар сарайы қосымша білім беру педагогтері, тәлімгерлер мен балалар қозғалысын үйлестірушілер, еріктілер, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары,  сынып жетекшілері, мектеп газеттері редакторлары, мектеп мұражайлары басшыларының кәсіби біліктілігін арттырудың ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылады.Алғаш рет экологиялық үйірме жетекшілеріне арналған семинар-практикум өткізілді.
Әдістемелік бөлім «2018-2022 жылдарға арналған тәрбие Тұжырымдамасы аясында облыстық жобалар мен іс-шаралардың іске асырылу қорытындылары» атты облыстық вебинар өткізді.
Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту Бағдарламасын жүзеге асыра отырып, 2022-2023 оқу жылында әдістемелік қызмет, техникалық шығармашылық, көркем және эстетикалық тәрбие, балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бойынша 22 облыстық және қалалық вебинарлар мен семинарлар өткізілді. Қамту 1088 адамды құрады.
Жұмысты үйлестіру үшін директордың тәрбие жұмысы жөніндегі жас орынбасарларының мектебі құрылды. 0-ден 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар жас мамандарға арналған «ДТЖО қызметін ұйымдастыру» тақырыбында мектеп шеңберінде ай сайын оқыту курсы өткізілді.
Әдістемелік бөлім жыл бойы Оқушылар сарайының педагогтеріне, қала мектептерінің мұғалімдеріне, жобалардың қатысушыларына консультативтік көмек көрсетті, облыстық конкурстарға, жобаларға, ҚБП, ДТЖО вебинарларына, әдіскерлерге әдістемелік сүйемелдеу ұйымдастырды.
Жыл бойы «Педагог педагогке», «Әдіскер - педагогке», «Әдіскер – тәлімгерге» консультациялық пункттер жұмыс істеді. Кеңес беру пункттерімен барлығы 2576 кеңес өткізілді, оның ішінде 227 Оқушылар сарайының педагогтеріне, 2349 - қала  және облыс педагогтеріне. Өткен оқу жылымен салыстырғанда кеңес беру саны 1812-ге артты, бұл облыс педагогтерімен және Оқушылар сарайымен әдістемелік жұмыстың қажеттілігін көрсетеді.  Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, жұмыс тәжірибесін жинақтау, іс-шараларға қатысу және аттестаттау мәселелері бойынша кеңес берді. Оқушылар сарайының сайтында үнемі «Әдістемелік жинақ банкі» толықтырылып отырады.
Павлодар облысының білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесінде талантты педагогтерді анықтау, кәсіби шеберлігін арттыру және педагогикалық инновацияларды енгізу мақсатында жыл сайын кәсіби шеберлік конкурстары өткізіледі, онда облыс педагогтері өздерінің бірегей инновациялық тәжірибесімен бөліседі, авторлық бағдарламалар мен білім беру қызметінің өзіндік әдістерін ұсынады.
2022-2023 оқу жылында қосымша білім беру педагогтеріне арналған үш облыстық конкурс өткізілді: «Педагогикалық идеялар»(51 педагог), ), «Жыл тәлімгері» (15 адам), «Павлодар облысының үздік қосымша білім беру ұйымы»  (9 ҚБҰ).

«Павлодар облысының үздік қосымша білім беру ұйымы» облыстық конкурсы

«Павлодар облысының үздік қосымша білім беру ұйымы» конкурсына  облыстың 9 ұйымы қатысты. Бірінші кезеңде конкурсқа қатысушылар қосымша білім беру ұйымдарының дамыту бағдарламасын сараптамаға ұсынды. Күндізгі кезеңде - іс-әрекеттің нәтижелері, балалар мен педагогикалық ұжымның жетістіктері туралы айтылды.
Байқаудың бас жүлдесін Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы алды.
1 орын-Екібастұз қаласының «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені
2 орын - Павлодар қаласының «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы
2 орын - Шарбақты ауданының «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығы
3 орын - Ақтоғай ауданының балалар өнер мектебі
3 орын- Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебі.
«Креатив» номинациясы бойынша дипломмен Ақсу қаласының балалар шығармашылығы үйі марапатталды.
«Ұлттық жаңғыру» номинациясы бойынша диплом- Баянауыл ауданының Жаяу-Мұса атындағы балалар өнер мектебі
«Шығармашылдық» номинациясы бойынша диплом- Успен ауданының «Балдырған» балалар эстетикалық орталығы.
 «Педагогикалық идеялар» облыстық конкурсы
«Педагогикалық идеялар» конкурсына 50-ден астам қосымша білім беру педагогтері мен жалпы орта білім беру мұғалімдері қатысты. Байқауға Май, Ақтоғай, Баянауыл және Железин аудандарынан, Павлодар мен Екібастұз қалаларынан жұмыстар келіп түсті.
Конкурсқа қатысушылар «Білім беру қызметі», «Азаматтық-патриоттық тәрбие», «Әдістемелік жұмыс», «Педагогтың ғылыми шығармашылығы», «Педагогтің әдеби-эстетикалық шығармашылығы», «Педагогикалық жоба», «Шығармашылық бағыт» деген 7 номинация бойынша қосымша білім беру жүйесінде заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларды ұсынды.

Конкурс жеңімпаздары келесі педагогтер болды:
«Білім беру қызметі» номинациясы бойынша:
2 орын - Гумарова Маргуль Бультеновна
3 орын - Ермакова Любовь Александровна
3 орын - Аскарова Күнсая Амангелдіқызы
3 орын - Иванова Марина Геннадьевна
3 орын - Токтаган Нургүл
«Педагогикалық жоба» номинациясы бойынша:
3 орын - Айдабулова Алтынай Тулеубаевна
3 орын - Джамбусинова Карлыгаш Кайрбековна
3 орын - Шавдирова Айнагуль Сарсенбаевна
«Шығармашылық бағыт» номинациясы бойынша
3 орын – Алькенова Гаухар Бахытовна

«Жыл тәлімгері» облыстық конкурсы

Қатысушылар екі номинацияға бөлінді – «Үздік жас тәлімгер» және «Баға жетпес тәжірибе». Қазылар алқасы тәлімгерлердің қоғамдық бірлестік жұмысына қосқан үлесін бағалады, технологиялар мен әдістемелерді, жұмыстың инновациялық әдістері мен тәсілдерін, ұйымдастырушылық, креативті, коммуникативті тәсілдерді қолдану қабілетін талдады.
Бірінші кезеңде қатысушылар өз қызметін влог түрінде ұсынды, аға тәлімгердің қызмет жүйесін көрсетті.
Финалда «Мен тәлімгермін – бұл керемет!»атты визит карточкалары конкурсында  қатысушылар театрлық қойылым, флэшмоб, тимбилдинг арқылы өз қызметін көрсетті, өздерінің вокалдық және хореографиялық қабілеттерін, авторлық поэтикалық шығармаларын ұсынды. «Экспромт» байқауы педагогикалық жағдайларды шешуде тапқырлықты, тапқырлықты анықтады. «Креативті Life» байқауында тәлімгерлер байқауға қатысушылармен шеберлік сабақтарын өткізу арқылы өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті.
Конкурс жеңімпаздары:
«Үздік жас тәлімгер» номинациясы бойынша:
Бас жүлде - Айсулу Шукижанова,  №35 гимназия мектебі, Екібастұз қ.;
1 орын-Айдана Шақырман, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты Баянауыл ауданы;
2 орын - Атейхан Замзагуль, Абай ЖОМ, Ақтоғай ауданы;  
2 орын - Татьяна Нагайцева, №1 НЖМ, Железин ауданы;
3 орын - Тайтуленова Диана, Ямышев ЖОМ,  Аққулы ауданы;
3 орын - Ускимбаева Сабина, лицей мектебі Ақсу қ.;
3 орын -   Искакова Инара, А.Бөкейханов атындағы лицей мектебі.,  Павлодар қ.;
3 орын – Галия Пелипенко, Ленинская ЖОМ, Ертіс ауданы;  
3 орын - Мейрамгуль Андасова, № 8 лицей, Павлодар қ.
«Баға жетпес тәжірибе» номинациясында
Бас жүлде - Мирагүл Бекмаганбетова, Д.Рахметов атындағы ЖОМ, Баянауыл ауданы;
1 орын - Баян Амерханова,  Үштерек ЖОМ,  Ақсу қ.;
2 орын -  Барандыч Алена, ГС бар ЖОМ, Шарбақты ауданы;   
2 место - Савченко Татьяна, Михайловская ЖОМ, Железин ауданы;
3 место - Шарипова Шолпан, № 1 ЖОМ, Ертіс ауданы.

Павлодар облысы білім беру басқармасының бастамасымен 2021 жылғы 2 сәуірде М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы базасында «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесін ашты.Кеңсе директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, әлеуметтік педагогтерге, психологтарға, кәмелетке толмағандардың деструктивті және аутоагрессивті мінез-құлқы мәселесі бойынша сынып жетекшілеріне арналған ақпараттық-әдістемелік көмек орталығы болып табылады.
2022 жылғы 17 наурызда «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі «SENIM ROOM» психологиялық көмек кабинетін ашты. Кабинет қызметінің басым бағыты: балаларға, олардың ата-аналарына, сондай-ақ білім беру мекемелерінің педагогтері мен психологтарына даму, оқыту және тәрбиелеу, әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімделу мәселелері бойынша уақтылы білікті консультативтік-әдістемелік, психологиялық және психокоррекциялық көмек көрсету.
2023 жылдың қаңтарында өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау, сондай-ақ балалары бар әйелдерге арналған оңалту орталығында тұратын ата-аналарға көмек көрсету үшін «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі әзірлеген «зЗорлық-зомбылықсыз үй» жобасы басталды. Жоба М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының үйірме қызметінде балаларды жұмыспен қамтуды, жобалық кеңсе мамандарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді, сондай-ақ «Позитивті ата-ана» курсын іске асыруды қамтиды.
Жобалық офиспен репродуктивті денсаулықты сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша  «Әдістемелік кейс» облыстық байқауы ұйымдастырылып, өткізілді, оған білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі 25 орынбасары қатысты.
Жастар ортасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция департаментімен бірлесіп Павлодар қаласының колледж студенттері арасында Stand Up өткізілді.

Бұқаралық іс-шаралар өткізу

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамытуға жәрдемдесу, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыру, балалар мен жастар үшін ұлттық өнердің көркемдік дәстүрлерінің үздік үлгілерін көрсету арқылы шығармашылық қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жасау, ұжым басшыларының жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында бірнеше жыл бойы Оқушылар сарайы облыстық іс-шаралар өткізеді.
Жыл сайын Оқушылар сарайы облыстық және қалалық бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып табылады. 2022-2023 оқу жылында қала және облыс мектептерінің оқушылары үшін концерттер, зияткерлік бағдарламалар, көрмелер, конкурстар, акциялар, экскурсиялар, фестивальдар онлайн және офлайн форматтарда өткізілді. Барлығы 52023 адам қамтылды.
2022-2023 оқу жылында 38 облыстық жоба сәтті өткізілді. Оларға облыстың 118932 оқушысы қатысты. Әр жоба жан-жақты болды, яғни конкурстардан, акциялардан және басқа да жаппай жұмыстардан тұрды. Педагогтер жаңа уақыттың талаптарына сәйкес және балалардың тілектері мен мүдделерін ескере отырып, балалардың бос уақытын өткізудің жаңа түрлерін пайдаланды.

1. Қыз балаларға арналған «Аққу» облыстық жобасы
2. Ер балаларға арналған «Мирас» облыстық жобасы
3. «Проба пера» балалар әдеби-поэзиялық шығармашылықтың облыстық конкурсы
4. «Тарихи шежірем» республикалық конкурстың облыстық кезеңі
5. «Менің бақытты балалық шағым» бейнероликтердің облыстық конкурсы
6. «Head Stars» облыстық жобасы
7. «Ұлы Жеңіс» облыстық конкурсы
8. «Taqıa Fashion week» гранд-дефиле
9. Музей - связующая нить поколений» мектеп мұражайларының облыстық қашықтық конкурсы
10. «Павлодар облысының үздік қосымша білім беру ұйымы» облыстық конкурсы
11.«Педагогикалық идеялар» облыстық конкурсы
12. «Жыл тәлімгері» облыстық конкурсы
13. «Табысқа бастар жол» облыстық жобасы
14. «Менің Туым» облыстық патриоттық жобасы
15. «Bala business» облыстық бизнес идеялар жобасы
16. «Family day» облыстық отбасылық жобасы
17. «Жақсылық қадамдары» облыстық волонтерлік жобасы
18. «Ертіс өңірі - Адалдық алаңы» облыстық құқық жобасы
19. «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбына өз Отанының немесе мекенінің көрікті жерлері үлгілерінің облыстық көрме-конкурсы
20. «Жасқыран KIDS» облыстық жобасы
21. «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік органы» облыстық жобасы
22. «Жас Ұлан» балалар –жасөспірімдер ұйымдары көшбасшылары-қыранбасшыларының «Үздік-Ұлан- Қыранбасшы-2023» облыстық байқау – конкурсы
23. «Профи-time» облыстық жобасы  
24. Облыстық ұлттық пікірсайыс турнирі
25. «Мамандықтар әлемін ашамыз»Республикалық форумның облыстық туры
26. «Алтын қазына» республикалық көрме-байқауынын облыстық кезеңі (онлайн)  
27. «Қиял карнавалы» сәндік-қолданбалы және көркем шығармашылықтың облыстық онлайн конкурсы  (онлайн)
28. «Алтын қазына» республикалық көрме-байқауынын облыстық кезеңі (онлайн)  
29. «Бір шаңырақ астында» Қазақстан халқының бірлігі күні аясында
30.«Ұлы өнертапқыштыққа  алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңі
31.«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар киносы фестивалінің облыстық туры
32. «ЭКОBoom» облыстық пилоттық жобасы
33. «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңі
34. «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңі
35. «Алтын микрофон» вокалдық шеберліктің облыстық  конкурсы
36. «Ғажайып жұлдыздар» облыстық хореография конкурсы
37. «Күй шебері»жас күйшілер облыстық конкурсы
38. Stand Up «Open Mic» облыстық конкурсы

Оқу жылы ішінде қыздарға арналған «Аққу» клубы жобасы сәтті жүзеге асырылды. Бұл білім беру жобасының ерекшелігі-12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірім қыздармен профилактикалық жұмыс. Ұсынылған бағдарлама үш аспектіні қамтиды: зияткерлік-танымдық, медициналық және психологиялық. Клуб ұлттық бірегейлікті сақтау, тұлғаның таным мен шығармашылыққа деген ынтасын арттыру үшін салт-дәстүрлерді зерттеу арқылы жасөспірім қыздардың рухани құндылықтарын қалыптастыру мақсатында құрылды. Облыстық "Аққу" жобасы аясында оқу жылы ішінде оқушылар сарайында 256 адамды қамтитын 11 іс-шара өткізілді.
Ер балаларға арналған «Мирас» жобасы әзірленді. Жыл бойы оқушылар сарайының педагогтері шеберлік сабақтар, конкурстар, қоғамдық бірлестіктер, медициналық мекемелер өкілдерімен кездесулер өткізді. «Мирас» жобасы бойынша 354 адамның қатысуымен 11 кездесу өткізілді.
Клубтар жобаның облыстық ережесіне сәйкес әр мектептің базасында құрылады.  Бүгінгі таңда облыс бойынша 251 «Аққу» клубы ашылды, онда 3964 қыз бала тәрбиеленуде, ал 201 «Мирас» клубы жалпы 3464 ер бала қамтылды. «Аққу» және «Мирас» клубтары «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесімен, «Нұр Ана әлемі» ҚБ, «Сенім – ROOM психологиялық көмек орталығымен, «Сенімен болашақ» республикалық орталығымен, медициналық орталықтармен және құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істейді.
Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімі 5 жыл бойы Павлодар облысының жас буынын тәрбиелеу тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленген «Менің туым», «Адал friends», «ЭКОboom», «Familyday» және «Balabusiness» облыстық жобаларын іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді. 2022-2023 оқу жылында «Жақсылық қадамдары» еріктілер бағытының жаңа облыстық жобасы әзірленді.Жыл сайын облыстық жобаларды іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстары бойынша семинарлар өткізіледі. Ватсап мессенджерлерінде «Пилоттық жобалар» тобы құрылды, жобалар үйлестірушілері күн сайын қалалар мен аудандардың білім бөлімдерін мектептердің жобаларға қатысуы туралы хабардар етеді, консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жаңартылған ережелер мен әдістемелік ұсынымдар мемлекеттік және орыс тілдерінде Оқушылар сарайының сайтында орналастырылған. Жылына екі рет жобаларға қатысу белсенділігіне мониторинг жүргізіледі, оны білім бөлімдерінің мамандары, білім беру мекемелерінің ДТЖО үшін облыстық семинарлар мен вебинарларда ұсынамыз.
2022-2023 оқу жылында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында жыл сайынғы «Bala business» облыстық жобалар байқауы өтті. Қараша-қаңтар айларында «Бала бизнес» байқауының іріктеу кезеңі Павлодар облысының әр ауданында/қаласында өткізілді. «Bala business» жобасының облыстық турының жеңімпаздары үшін жас бизнесмен мектебі офлайн режимінде өткізілді. Іріктеу кезеңінің 44 жеңімпазы облыстық турда өз жобасын қорғады. Жоба біздің облыста мектеп оқушылары әлеуметтік бизнес-жобаларды белсенді түрде әзірлеп жатқанын көрсетті. Барлық жобалар еліміздің экономикалық және экологиялық қажеттіліктерін ескере отырып, тиімді әрі өзекті болды. 2023 жылдың 20 наурызында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық «Бала бизнес» жобасының жеңімпаздары үшін жас кәсіпкер мектебі ұйымдастырылды. Оқу бағдарламасына бизнес-тренерлер, жаттықтырушылар тренингтері, «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Қаржы және есеп» кафедрасы оқытушыларының дәрістері енгізілді.
Павлодар облысының жас буынын тәрбиелеу тұжырымдамасы аясындағы маңызды іс-шара «ЭКОboom»облыстық жобасы шеңберінде пластик қақпақтарды жинау болды. Экологиялық мәдениет деңгейін арттыру, оқушылардың әлеуметтік маңыздылығын түсіну мақсатында мұқтаж балаларға көмек көрсету арқылы оқу жылы бойы «Жақсылық жаса» акциясы өткізілді. Оқу жылы бойы Павлодар облысының оқушылары пластикалық қақпақтарды жинады. Биыл акцияға Облыстың 225 ауылдық және қалалық мектептері қатысты. 3464кг пластикалық қақпақтар жиналды. Акция үш мәселені шешеді: экологиялық - пластиктің тонналары полигонға түспейді; тәрбиелік-балалар табиғатты қорғауды ғана емес, айналасындағыларға мейірімділікті де үйренеді; қаржылық – қымбат емдеуді қажет ететін балаларға материалдық көмек. Пластмассаны сатудан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Естеріңізге сала кетейік, өткен оқу жылында «Жақсылық жаса» акциясына Павлодар облысы мектептерінің 23986 оқушысы қатысты. Акцияны облыстың 3 қаласы мен 10 ауданынан 185 мектеп қолдады. 2866 кг пластик қақпақ жиналып, қайта өңдеуге тапсырылды және 339270 теңге сомасына екі ауыр науқас балаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Биылғы жылы акцияға тек мектептер ғана емес, Павлодар қаласының №37 бөбекжай-бақшасы, Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы, «Строй-проект ЖСҚ» ЖШС және Павлодар облысының басқа да көптеген қамқор тұрғындары қатысты.
Облыстық жобаларға 2022-2023 оқу жылында «Family day», «Менің туым», «Bala business» және «Жақсылық қадамдары» жобаларына жалпы саны 51204 оқушыны қамтитын 315 білім беру ұйымдары қатысты. Оқу жылының соңында жобаларға қатысу белсенділігіне мониторинг жүргізілді, қорытындылар шығарылды және ең белсенді қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Барлық жобаларға қатысу белсенділігі Аққулы және Тереңкөл аудандарының, Павлодар, Шарбақты, Май, Ертіс аудандарының, Екібастұз және Ақсу қалаларының ЖОМ байқалады. Успен және Баянауыл аудандарының ЖОББМ аз пассивті болып табылады. Павлодар қаласы, Ақтоғай және Железин аудандарының ЖОББМ-тері қатысу белсенділігі төмен. Облыстық дарынды мектептер арасында Павлодар қаласының «Жас дарын» мектебі, Екібастұз қаласының «Зерде» мектебі белсенді қатысты).  Қатысушыларды аз қамтумен, бірақ Павлодар қаласының № 4 мектеп - интернаты, Павлодар қаласының № 7 мектеп-интернаты, Шарбақты ауданының №5 мектеп-интернаты, Екібастұз қаласының № 6 мектеп-интернаты) және Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылы тұрақты түрде қатысады. Белсенді білім беру ұйымдары Оқушылар сарайының мақтау қағаздарымен марапатталды.

М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы ұжымдарының халықаралық,

республикалық және облыстық конкурстарда қатысуы туралы ақпарат

Тәрбиеленушілердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру нәтижесі робототехника, астрономия, журналистика, хореография, вокал, сәндік-қолданбалы шығармашылық бойынша республикалық және халықаралық конкурстарға қатысу болып табылады.
2022-2023 оқу жылында Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі 52 байқауға қатысып, 200 марапатқа ие болды.
16 халықаралық байқауда: 21 адам-Бас жүлде, 62 адам -1 орын, 28 адам – 2 орын, 13 адам – 3 орын.
17 республикалық байқауда: 4 адам – Бас жүлде, 24 адам– 1 орын, 10 адам – 2 орын, 19адам - 3 орын.
14 облыстық байқауда: 1адам – Бас жүлде, 11адам – 1 орын, 6 адам– 2 орын, 7 адам – 3 орын,1-номинация,қатысқаны үшін диплом.