Қарағанды қаласына іс-сапар

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 17.05.2017 17:13
Рабочий визит в Караганду Рабочий визит в Караганду
Рабочий визит в Караганду Рабочий визит в Караганду

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Лилия Торощина 11-12 мамыр аралығында Павлодар облысы білім беру ұйымының жұмыскерлерімен Қарағанды қаласына барып келді. Қарағанды облысының білім беру басқармасында үштілділік және инклюзивті білім беру бойынша тәжірибемен алмасу болып өтті.

Рабочий визит в Караганду Рабочий визит в Караганду
Рабочий визит в Караганду Рабочий визит в Караганду

Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы Асхат Аймагамбетов инновациялық зерттеу және әлеуметтік-педагогикалық жобаларды ұсынды. Жобалардың қортындысын іске асыру  Н. Нурмаков атындағы мектеп-интернатының, Ростов тірек мектебінің, №27 ЖББ ҚМҰ ресурс орталығының, №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты және агротехникалық және техника-құрылыс колледждер педагогика ұжымының жұмыстары арқылы көрсетілді. 

Қарағанды қаласында қосымша білім беру орта және жалпы білім беру мектеп және лицейлердің негізінде іске асырылады. Жаратылыстану-ғылыми бағыттармен қоса робототехника бағыты өте жақсы дамыған. Қарағанды облысы бойынша оқу-әдістемелік дамыту орталығының басшысы Гульсум Кожахметова Павлодар облысының делегациясын облыстың педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін арттыру бағдарламасымен таныстырып өтті.

Ол аталмыш орталық баспаға шығатын оқу-әдістемелік жорналдар мен газеттерді көрсетіп шықты. Павлодарлықтар «Карлаг» мұражайлық кешенінде болып қайтты. Мұражайдағы барлық залдар қонақтарды таң қалдырды. Екі облыстың білім беру жұмыскерлерінің кездесуі жоғары дәрежеде өтті.