Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20514916
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10261 12893 87619 20170934 282594 381361 20514916 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2025-12-21 19:11:40
|
Қарағанды қаласына іс-сапар
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Лилия Торощина 11-12 мамыр аралығында Павлодар облысы білім беру ұйымының жұмыскерлерімен Қарағанды қаласына барып келді. Қарағанды облысының білім беру басқармасында үштілділік және инклюзивті білім беру бойынша тәжірибемен алмасу болып өтті.
Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы Асхат Аймагамбетов инновациялық зерттеу және әлеуметтік-педагогикалық жобаларды ұсынды. Жобалардың қортындысын іске асыру Н. Нурмаков атындағы мектеп-интернатының, Ростов тірек мектебінің, №27 ЖББ ҚМҰ ресурс орталығының, №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты және агротехникалық және техника-құрылыс колледждер педагогика ұжымының жұмыстары арқылы көрсетілді. Қарағанды қаласында қосымша білім беру орта және жалпы білім беру мектеп және лицейлердің негізінде іске асырылады. Жаратылыстану-ғылыми бағыттармен қоса робототехника бағыты өте жақсы дамыған. Қарағанды облысы бойынша оқу-әдістемелік дамыту орталығының басшысы Гульсум Кожахметова Павлодар облысының делегациясын облыстың педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін арттыру бағдарламасымен таныстырып өтті. Ол аталмыш орталық баспаға шығатын оқу-әдістемелік жорналдар мен газеттерді көрсетіп шықты. Павлодарлықтар «Карлаг» мұражайлық кешенінде болып қайтты. Мұражайдағы барлық залдар қонақтарды таң қалдырды. Екі облыстың білім беру жұмыскерлерінің кездесуі жоғары дәрежеде өтті. |














