![]() |
![]() |
2018 жылдың 18 қазан күні М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты облыстық форум өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Павлодар облысы білім беру басқармасы және "Жас Ұлан" біріңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы.
"Мамандықтар әлемін ашамыз" облыстық форумы келесі номинациялар бойынша өткен еді: "Осындай мамандық бар" – Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасына қажетті және сұранысқа ие балалардың компьютерлік презентациялар конкурсы; "Мамандықты таңдау уақыты" – жобалар конкурсы (бейне әңгіме) – нақты мамандық бойынша зерттеу жұмыстары ұсынылады; "Мен – мамандықтар әлемінде " – әдеби конкурс (эссе); "Мамандық кеше, бүгін, ертең" КВН сайыстары өтті. Шараға "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты аудандық, қалалық форумдардың жеңімпаздары қатысты.
![]() |
![]() |
Форум аясында С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Foundation» факультетінің оқытушыларымен өткізілген мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Форумның қатысушылары «Алюминий Қазақстан» АҚ-на енетін Павлодарлық алюминий зауытына саяхатқа барды. Зауыттың тарихы, жетістіктері мен болашақ жоспарлары туралы әлеуметтік қызметі бойынша департаментінің бастығы Алетаев Булат Шахманұлы баяндап берді. Одан кейін балалар С.Торайғыров атындағы ПМУ-не барды. Университеттегі факультеттер мен мамандықтар туралы қабылдау комиссиясының меңгерушісі Динара Шабанова таныстырып өтті.
Форумның қортындысы бойынша қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:
"Мамандықты таңдау уақыты" номинациясы бойынша – 1 орын – Ақсу қаласы, 2 орын – Баянауыл ауданы, 3 орын – Железин ауданы.
"Осындай мамандық бар" номинациясы бойынша – 1 орын – Теренкөл ауданы, 2 орын – Аққулы ауданы, 3 орын – Ақсу қаласы.
"Мен – мамандықтар әлемінде " номинациясы бойынша – 1 орын – Аққулы ауданы, 2 орын – Ақсу қаласы, 3 орын – Ақтоғай ауданы.
"Мамандық кеше, бүгін, ертең" номинациясы бойынша – 1 орын – Теренкөл ауданы, 2 орын – Ақтоғай ауданы, 3 орын – Железин ауданы.
- Форум қатысушылары әр түрлі мамандықтар туралы ақпарат алды. Зауыт бойынша экскурссия барысында форумның кейбір қатысушылары болашақ мамандықтарын анықтай алды, - деп шараның ұйымдастырушысы Айжан Оразбаева өз ойымен бөлісті.