Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12652646
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
7539
17782
111595
12290016
346811
367470
12652646

Сіздің IP: 3.231.222.84
Уақыт: 2024-03-29 15:30:43

«Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумы

Областной форум  «Открываем  мир профессий» Областной форум «Открываем мир профессий»
Областной форум  «Открываем  мир профессий» Областной форум «Открываем мир профессий»

2018 жылдың 18 қазан күні М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында  "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты облыстық форум өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Павлодар облысы білім беру басқармасы және "Жас Ұлан" біріңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы.

"Мамандықтар әлемін ашамыз" облыстық форумы келесі номинациялар бойынша өткен еді: "Осындай мамандық бар" – Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасына қажетті және сұранысқа ие балалардың компьютерлік презентациялар конкурсы; "Мамандықты таңдау уақыты" – жобалар конкурсы (бейне әңгіме) – нақты мамандық бойынша зерттеу жұмыстары ұсынылады; "Мен – мамандықтар әлемінде " – әдеби конкурс (эссе); "Мамандық кеше, бүгін, ертең" КВН сайыстары өтті. Шараға "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты аудандық, қалалық форумдардың жеңімпаздары қатысты.

Областной форум  «Открываем  мир профессий» Областной форум «Открываем мир профессий»
Областной форум  «Открываем  мир профессий» Областной форум «Открываем мир профессий»

Форум аясында С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Foundation» факультетінің оқытушыларымен өткізілген мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Форумның қатысушылары «Алюминий Қазақстан» АҚ-на енетін Павлодарлық алюминий зауытына саяхатқа барды. Зауыттың тарихы, жетістіктері мен болашақ жоспарлары туралы әлеуметтік қызметі бойынша департаментінің бастығы Алетаев Булат Шахманұлы баяндап берді. Одан кейін балалар С.Торайғыров атындағы ПМУ-не барды. Университеттегі факультеттер мен мамандықтар туралы қабылдау комиссиясының меңгерушісі Динара Шабанова таныстырып өтті.

Форумның қортындысы бойынша қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:
"Мамандықты таңдау уақыты" номинациясы бойынша – 1 орын – Ақсу қаласы, 2 орын – Баянауыл ауданы, 3 орын – Железин ауданы.
"Осындай мамандық бар" номинациясы бойынша – 1 орын – Теренкөл ауданы, 2 орын – Аққулы ауданы, 3 орын – Ақсу қаласы.
"Мен – мамандықтар әлемінде " номинациясы бойынша – 1 орын – Аққулы ауданы, 2 орын – Ақсу қаласы, 3 орын – Ақтоғай ауданы.
"Мамандық кеше, бүгін, ертең" номинациясы бойынша – 1 орын – Теренкөл ауданы, 2 орын – Ақтоғай ауданы, 3 орын – Железин ауданы.

- Форум қатысушылары әр түрлі мамандықтар туралы ақпарат алды. Зауыт бойынша экскурссия барысында форумның кейбір қатысушылары болашақ мамандықтарын анықтай алды, - деп шараның ұйымдастырушысы Айжан Оразбаева өз ойымен бөлісті.

Түсініктемелер қосу