![]() |
![]() |
2024 жылдың 25 қаңтар күні М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Аққу» жобасы аясында «Қыз еркем-кестесімен көркем» атты облыстық байқауы өтті. Аталмыш шараға қала, аудан бойынша бірінші турдан өткен 14 оқушы қатысты. Сайыс 4 турдан тұрды. Олар: «Аққу» клубы арқылы мен не алдым?» тақырыбындағы презентация қорғады. «Шеше көрген тон пішер» байқауында қыздар ұршық иіріп, жүн түтті, «Ақылына көркі сай» - білгірлер сайысында өз білімдерін ортаға салды, «Тақия тігеміз!» байқауында қолөнерші қыздар тақия пішті.
Конкурстың мақсаты қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, ұлттық қолөнерімізді дәріптеу. Сайыстың құрметті қонағы - «Кәусар бұлақ» әжелер мектебінің төрайымы және ардақты әже – Ғалия Сұнғатова.
Айта кетсек, аймақ бойынша 2021 жылы «Аққу» облыстық жобасы іске қосылып қыз балаларға арналған клубтар ашылды. Бұл жоба жасөспірім қыздардың әлеуметтік-құқықтық және психологиялық құзыреттілігін дамытуға жағдай жасау, психологиялық күйзелісті жеңуге, ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды зерделеу арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету. Қазіргі таңда облыс бойынша 251 «Аққу» қыздар клубтары жұмыс атқарады, оның ішінде 3643 қыз балалар тәрбиеленеді. Ерекше тізімде тұрған қыз балалар саны -32.
Конкурс қортындысы бойынша:
Бас жүлде - Хасанова Айгерим, Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ, жетекшісі: Сейтова Назира.
1 орын - Бекет Мадина, Екібастұз қаласы, Байет жалпы орта білім беру мектебі, жетекшісі: Алпемаш Еркен.
2 орын - Жұмабекқызы Алина, Шарбақты ауданы, Абай атындағы ЖОББМ, жетекшісі: А. Смайлова.
2 орын - Тортай Ақерке, Май ауданы, Аманкелді Иманов атындағы ЖОМ, жетекшісі: Кабдуллина Бибигуль.
3 орын- Олжабаева Айару, Железин ауданы, Міржақып Дулатұлы атындағы №3 ЖОМ, жетекшісі: Кусаинова Амина.
3 орын - Нургожина Аксана Сабитовна, Теренқөл ауданы, Қатша Оспанова атындағы №3 ЖОББМ, жетекшісі: Н. Шугаипова.
3 орын - Умирова Маржан, Ақтоғай ауданы, Абай атындағы ЖОББМ, жетекшісі: Сейл Маржан.
-Сайыстың ерекшелігі бұл қатысушылардың тақия тігу ерекшелігін көрсету, ұршық иіріп, жүн түту және «Аққу» қыздар клубының мүшелірінің өз жергілікті клубтарын таныстыру,- деді облыстық «Аққу» жобасының үйлестірушісі Майя Темирбулатова.