Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19900324
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 244 10487 21478 19628472 49363 494996 19900324 Сіздің IP: 216.73.216.23
Уақыт: 2025-11-05 00:20:49
|
«Қыз еркем-кестесімен көркем» облыстық байқауы
2024 жылдың 25 қаңтар күні М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Аққу» жобасы аясында «Қыз еркем-кестесімен көркем» атты облыстық байқауы өтті. Аталмыш шараға қала, аудан бойынша бірінші турдан өткен 14 оқушы қатысты. Сайыс 4 турдан тұрды. Олар: «Аққу» клубы арқылы мен не алдым?» тақырыбындағы презентация қорғады. «Шеше көрген тон пішер» байқауында қыздар ұршық иіріп, жүн түтті, «Ақылына көркі сай» - білгірлер сайысында өз білімдерін ортаға салды, «Тақия тігеміз!» байқауында қолөнерші қыздар тақия пішті.
Конкурстың мақсаты қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, ұлттық қолөнерімізді дәріптеу. Сайыстың құрметті қонағы - «Кәусар бұлақ» әжелер мектебінің төрайымы және ардақты әже – Ғалия Сұнғатова. 1 орын - Бекет Мадина, Екібастұз қаласы, Байет жалпы орта білім беру мектебі, жетекшісі: Алпемаш Еркен.
|















