Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12851636
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
6073
19617
30309
12623686
170089
375712
12851636

Ваш IP: 18.119.131.72
Время: 2024-04-24 09:24:39

Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші

Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші
Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші

Оқушылар Сарайы ән және би ұжымдарының есеп беру концерттері жалғасып келеді. Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні Облыстық Оқушылар сарайында «Жас дәурен» вокал студиясының есеп беру концерті болып өтті. Бұл мерейтойлық концерт - бір жылдық қажырлы еңбектің үлкен жемісі. Концерт шымылдығын вокал студиясының «Балдырған» тобы «Мәңгілік ел» әнімен ашты.

Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші
Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші

Мерекелік кешке жас әртістердің сыныптас достары, ата-аналары, Оқушылар сарайының ұстаздар қауымы және «Қаламгер» баспасөз орталығының жас тілшілері қатысты. Бұлбұл даусындай ашық-жарқын дауысқа ие талантты жас балақайлар ән мен саздан құралған інжу-маржандарын көрермен қауымға паш етті. Екі сағаттың төңірегінде «Жас даурен» вокал ұжымы елімізге арналған патриоттық әндерді шырқап, көрермендердің көңілдерінен шықты. Бұл сазды кештің барысында жас әншілердің балғын дауыстары інжу-маржандай әдемі болды.

- Концерт өте үлкен дәрежеде өтті. Балақайлар әлі кішкентай болғанымен, өз ұстаздарының артқан үміттерін толықтай ақтады. Ең бастысы жас әншілер туған жерге, ел қорғаған батырларға арнап ән шырқады. Бұл әндер болашақ ұрпақты тәрбиелеп, олардың патриоттық сезімдерін оятуға көмегін тигізеді, - деді «Қаламгер» баспасөз орталығының тілшілері Данагүл Каббасова және Әсел Мукатова.

Концерттің соңында ұжым жетекшісі Баршагуль Ногаева және Татьяна Черникова сөз сөйлеп, жас таланттарға ақ тілектерін арнап, осы оқу жылғы түлектерге сыйлықтар табыстады. Есеп беру концертінде соңғы шырқалған ән – «Нұр Ерке» тобының қатысуымен «Жить и побеждать» әні болды.

Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші
Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші Жас – дәурен вокал студиясының інжу-маржан кеші

«Жас даурен» вокал студиясы Оқушылар сарайында 2000 жылдан бастап жұмыс атқарып, жас өнерпаздарды ән әлеміне баулиды. Студия ұжымының мақтан тұтатын жетістіктері өте көп. Олар «Веселый ветер» (Болгария-2007), «Браво, дети!» (Ресей-2012), «Горное созвездие» (Словакия-2012), «Талисман удачи» (Түркия-2013), «Легенда средиземного море» (Испания-2015), «Fiestalonia Almati» атты Халықаралық байқауы (Алматы – 2016) елдер мен қалаларында өткен Облыстық, Республикалық, Халықаралық ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

2017 жылдың маусым айында «Жас даурен» вокал студиясы Сочи қаласында өтетін «Черноморский олимп» атты ән байқауына қатысу үшін дайындық үстінде.

Добавить комментарий