Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22624285
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1404 12966 1404 22408276 109101 338951 22624285 Ваш IP: 216.73.216.76
Время: 2026-06-15 03:45:05
|
«Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы Грузияның төрінде жұлдыз атанды
Ағымдағы жылдың маусым айында М.М.Катаев атындағы «Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы Грузия еліндегі Батуми қаласында өткізіліп отырған «Море впечатлений» I Халықаралық балалар шығармашылық байқауына барып бірнеше дүркін жеңімпаз атанып келді. «Музыкальный кварталдың» тәрбиеленушілері әншілік өнерін ортаға салып келесі жүлделі орындарға қол жеткізді.
Батуми қаласында өткен бұл әншілердің байқауында жоғары жас ерекшелік санатында эстрадалық вокал номинациясында I-ші орынға ие болған Алиса Козолуп еді. Орта жас ерекшелік санатында Аиша Арантаева II-ші жүлделі орынға қол жеткізді. Кіші жас ерекшелік санатында кішкентай жұлдыз атанып, I-ші орынға ие болған Алина Кулбаева, ал " ЭмиЛи" дуэті кіші жас ерекшелік санатында II-ші жүлделі орынға жайғасты. Бұл дуэтте ән шырқаған Макенова Софья және Алина Кулбаевалар ән шырқады. |














