Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22892696
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3000 4922 54605 22612565 106944 270568 22892696 Сіздің IP: 216.73.217.39
Уақыт: 2026-07-12 11:19:04
|
Оқушылар сарайы шығармашылық ұжымдарының жеңістері
2021 жылдың 5 наурыз күні «Ақ көгершін» балалар қорының бастамасымен «Серпер» І Халықаралық қашықтықтан фестиваль – конкурсы өтті. Аталмыш қашықтықтан конкурс хореографтар мен педагогтарға шеберліктерін шыңдауға, жас таланттарды қолдауға мүмкіндік береді. «Серпер» конкурсында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен шығармашылық ұжымдары болды. Қатысушылардың өнерлерін Қазақстан Республикасының өнер қайраткерлері бағалады. М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының ұжымдары бұл конкурста табысқа жетті. «Арман шоу» үлгілі театр – студиясы екі Бас жүлде, екінші орын - екеу, үшінші орын - үш жас әншілерге бұйырды. «Тұмар» вокальная студиясы бірінші орын – екеу, екінші орын – біреу, үшінші орын – біреу. «Мұрагер» домбыра ұжымы – бірінші орында болды. Әрбір қатысушы, кубок, медальдермен ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. |














