Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17682064
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 8157 15684 93714 17356200 133543 468472 17682064 Ваш IP: 18.116.36.48
Время: 2025-05-11 15:29:16
|
Театр студияларының жетекшілері іс-тәжірибесімен бөлісті
2021 жылдың 28 сәуір күні «Мектеп жасына дейінгі оқушылардың актерлік шеберліктерін дамыту» тақырыбында облыстық онлайн вебинары өтті. Вебинарға облысымыздың мектепке дейінгі, жалпы білім беру мектептерінен және қосымша білім беру мекемелерінен 52 театр ұжымдары қатысты. А.С Бекбулатова сахналық қойылымның музыкалық әрлеуі туралы сөз етіп, музыканың пьесаның сахналауында негізгі ойды аша білетіні жайлы баяндады. Бұл жерде әрбір режиссердің жеке шығармашылық қабілеті шыңдалады. Ж.К. Калтаева театр ұжымдарындағы техникалық қауіпсіздік туралы айтып берді. Ж.М Ешимкулов сценография жайлы және спектакльдің қоюшы режиссері ретінде басты бағыттарымен таныстырып өтті. А.А. Балтабаева бастаушы сценаристерге ұсыныстар беріп, кішкентай балалармен шеберлік сыныбын көрсетті. М.Е. Билая актерлік шеберлік бойынша сабақ көрсетті. Мұғалімдер оқушылармен бірге зейінді дамытуға арналған жаттығуларды талдады. Вебинарға қатысушыларға «Калейдоскоп» театр студиясының қойылымынан үзіндіні тамашалады. |