Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения18944003
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4202 10367 43947 18635763 367571 307313 18944003 Ваш IP: 216.73.216.168
Время: 2025-08-28 10:29:52
|
Өз өнерлерін паш етті
2025 жылғы 6 қаңтарда Павлодар облысының білім басқармасы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС және республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің базасында «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – шығармашылық әлеует пен педагогикалық шеберлікті дамыту, сондай-ақ педагог мамандығының мәртебесін арттыру. Мұғалімдер өздерінің кәсіби дағдыларын және оқытудағы шығармашылық тәсілдерін көрсетуге мүмкіндік алды. Іс-шара педагогтердің еңбегін мойындаудың маңыздылығын, олардың оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытудағы рөлін айқындады. Олимпиада ұстаздар қауымына деген құрмет пен алғыс белгісі болып, олардың білім мен болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуге қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетті. |