Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24813252
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6941 12191 6941 24515114 221365 375807 24813252 Сіздің IP: 216.73.216.246
Уақыт: 2026-11-16 14:20:23
|
Ақын Даниял Асеновпен кездесу
Қазақстан Республикасының атақты ақыны, жыршысы Даниял Асенов М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының қонағы болып қайтты. Аталмыш кездесу 2016 жылдың 5 мамыр күні «Табысқа апарар жол» атты жобасының шеңберінде өтті. Қазақ халқының ақынымен павлодарлық №№ 12, 22, 25 және Ямышев мектебінің 44 оқушысы мен 4 педагогы маңызды кездесуге қатысты. Даниял Сабырұлы оқушыларға «Қыз жібек» поэмасын жатқа оқып, осы шығарма туралы өз ойын білдірді. Балалар ақынның шығармашылығы мен өміріне байланысты сауалдар қойып, ал ақын болса оларға бар көңілімен жауап берді. Оқушылар сарайында «Табысқа апарар жол» жобасы 2009 жылдан бастап іске асырылып келеді. Осы жобаның арқасында Павлодар облысының атақты тұлғаларымекн кездесулер өткізіліп тұрады. Олар: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әр түрлі ұйымдардың басшылары, ақындар мен журналисттер тағы да бар. |














