Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17686811
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 12904 15684 98461 17356200 138290 468472 17686811 Ваш IP: 3.144.237.31
Время: 2025-05-11 22:06:47
|
«Асыл мұра» жобасының финалисттері болашаққа көз тікті
2016 жылдың 26 қазан күні Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған «Асыл мұра» облыстық балалар шығармашылығы жобасының финалисттерін анықтау болып өтті. Сарапшылар кеңесінің құрамында ПМПИ және ИнЕУ оқытушылар құрамы, Білім беру және тәрбие Инновациялық орталығының мамандары, Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының мамандары болды. «Елімнің болашағы» атты конкурстық жұмыс қашықтан өткізілді. Конкурста Павлодар қаласының және Ертіс, Қашыр, Май, Шарбақты, Успен аудандарының ең үздік мектеп оқушыларының командалары қатысты. Ең үздік презентациялар мен бейнероликтер бірізділікпен тарихи құндылығымен маңызды болды. Финалға Павлодар қаласының №№42,22,14 ЖОМ оқушылары және Шарбақты ауданы Галкино ауылы, Успен ауданы Константиновка ЖОМ, Ертіс Оқушылар үйінің оқушылары өтті. Финалға өткен командалар М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайына 2016 жылдың 17 қарашасында сағат 10.00-де шақырылады.
|