Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

21500712
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
8861
33702
89353
21141571
426239
408197
21500712

Ваш IP: 216.73.216.102
Время: 2026-02-28 16:15:34

Мектеп оқушылары шығармашылықтың қыр-сырына үйренді

Учеников городских школ научили творческим хитростям Учеников городских школ научили творческим хитростям
Учеников городских школ научили творческим хитростям Учеников городских школ научили творческим хитростям

Қазақстан Республикасының 25-жылдығына орай Оқушылар сарайының педагогтары №№7, 30 ЖОББМ-не әдістемелік шығумен барып қайтты. Шығармашылық алаңдарға 186 оқушы қатысты. «Fresh» шығармашылық студиясының жетекшісі Бауыржан Сейталиев 8-сынып оқушыларына «Жас сахына жүргізушісі» атты шеберлік сабақ жүргізді.

«Жүргізуші бұл...» атты тақырыбына оқушылармен диалог ұйымдастырылып, «Жүргізуші»  сөзінің мағынасын оқушылар кең аша білді. Гұлнәр  Бектоғаеваның   сабағында  балалар ұшақтың моделін жасады. «Глобус»  театр студиясының жетекшісі Жаксыбек Ешимкулов бастаған «Станции воображения и идей» және  «Paradise» шығармашылық студиясының педагог-ұйымдастырушысы  Темірлан Аскаусов  «Если хочешь быть артистом…» атты шығармашылық кездесулер ұйымдастырды.

«Сырмақ» ұлттық өнер студиясының жетекшісі Дәуірбек Жақсылық қыздарға фетр матадан әр-түрлі бұйымдар жасауды үйретті. «Декор» студиясының жетекшісі Елена Мирзоян авторлық жұмыстарды әшкейлеуді үйретті. Ұлттық дәстүрге тәрбиелеу клубының жетекшісі Асима Оспанкулова «Тарих білгірлері» атты зияткерлік ойынды жүргізіп, еліміз туралы оқушылардың білімдерін тексерді. Оқушылар «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер», «Мемлекеттік рәміздер», «Тілдер», ««ЭКСПО -2017» Халықаралық көрме» атты бөлімдерге арналған сұрақтарға  жауап берді. «Нежность» би студиясының жетекшісі Эльмира Алексеенко өзінің шығармашылық алаңында «Кәнеки, қайтала» аты би ойынын дайындады. Психолог Марина Коржова оқушылармен сыныптастырымен  даулы жағдайларда  туған кезде шешудің амалын  және мектептің бастамашы психологымен сұхбат жүргізді.

Добавить комментарий