Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22611902
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1987 8579 47384 22358942 96718 338951 22611902 Ваш IP: 216.73.216.205
Время: 2026-06-14 03:16:37
|
Жас көшбасшылар мерекесі
М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімі «Жас Ұлан» ұйымдарының жас көшбасшыларының басын қосты. Көшбасшылар үшін «Тағдыр қиылысында» атты Облыстық Жасұландықтар күнің өткізді. Аталмыш мереке басқа да өткізілген шараларға сай Астана қаласының 20-жылдық мерейтойын тойлауына байланысты ұйымдастырылан болатын. Мерекеге Ұланбасы ассоциациясының белсенді қатысушылары және «Жас Ұлан» біріңғай балалар-жасөспірімдерінің еріктілері мен Павлодар қаласының №№2, 5, 6, 9, 12, 13, 14, 15, 22, 27, 28, 30, 31, 32, 34, 35 ЖОМ-нің оқушылары мен аға тәлімгерлері келді. Мерекеге Ақсу қаласы Айнакөл мектебі мен Павлодар ауданы Ямышев мектебінің өкілдері қатысты. Бұл күні балалар Астана қаласының көрікті жерлері, Қазақстанның басқа да қалаларымен танысты. Олар «Астана – Отанымыдың Елордасы» атты интерактивтік викторинаның сұрақтарына жауап беріп, Ақ Орда мен Қазақстанның Тұңғыш президенті Н.А. Назарбаев туралы коллажды безендірді. |














