Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19907404
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7324 10487 28558 19628472 56443 494996 19907404 Сіздің IP: 216.73.216.23
Уақыт: 2025-11-05 12:16:17
|
Өткенді бағалай отырып, жаңа мүмкіндіктер көкжиегіне
Павлодар облысының «Жас Ұлан» ұйымы өзінің алдағы уақыттағы жұмыстарының бағыттарын анықтау үшін жалпы жиын өткізді. Оған Үлкендер мен Кішілер палатасының өкілдері қатысты. Отырыс барысында Ақсу қаласы мен Ақтоғай, Ертіс, Баянауыл, Железин, Қашыр аудандарының өкілдері «Өз дауысым», «Табысқа бастар жол», Белсенді балалар мектебі мен Патриоттық бағытта іске асқан жобалар бойынша есеп берді. Бұдан басқа қос палата «Сенің әлемің – Твой мир» газеті бойынша бірқатар мәселелерді қарастырып, оның көпшілік арасында кең таралуына мүмкіндік беретін жолдарды талқыға салды. «Жас Ұлан ББЖҰ» РҚБ қатысуға ұсынған жаңа жобаларға бастама беріп, оларға қатысу туралы шешім қабылдады. Ұйымдастырылған отырыс өте нәтижелі өтті, оның негізінде шығарылған шешімдермен газетіміздің келесі сандарында танысасыздар.
|














