Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17665553
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 7330 14147 77203 17356200 117032 468472 17665553 Ваш IP: 3.148.211.202
Время: 2025-05-10 09:42:12
|
«Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумы
2018 жылдың 18 қазан күні М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты облыстық форум өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Павлодар облысы білім беру басқармасы және "Жас Ұлан" біріңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы. "Мамандықтар әлемін ашамыз" облыстық форумы келесі номинациялар бойынша өткен еді: "Осындай мамандық бар" – Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасына қажетті және сұранысқа ие балалардың компьютерлік презентациялар конкурсы; "Мамандықты таңдау уақыты" – жобалар конкурсы (бейне әңгіме) – нақты мамандық бойынша зерттеу жұмыстары ұсынылады; "Мен – мамандықтар әлемінде " – әдеби конкурс (эссе); "Мамандық кеше, бүгін, ертең" КВН сайыстары өтті. Шараға "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты аудандық, қалалық форумдардың жеңімпаздары қатысты.
Форум аясында С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Foundation» факультетінің оқытушыларымен өткізілген мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Форумның қатысушылары «Алюминий Қазақстан» АҚ-на енетін Павлодарлық алюминий зауытына саяхатқа барды. Зауыттың тарихы, жетістіктері мен болашақ жоспарлары туралы әлеуметтік қызметі бойынша департаментінің бастығы Алетаев Булат Шахманұлы баяндап берді. Одан кейін балалар С.Торайғыров атындағы ПМУ-не барды. Университеттегі факультеттер мен мамандықтар туралы қабылдау комиссиясының меңгерушісі Динара Шабанова таныстырып өтті. Форумның қортындысы бойынша қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады: - Форум қатысушылары әр түрлі мамандықтар туралы ақпарат алды. Зауыт бойынша экскурссия барысында форумның кейбір қатысушылары болашақ мамандықтарын анықтай алды, - деп шараның ұйымдастырушысы Айжан Оразбаева өз ойымен бөлісті. |