Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17633512
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3330 17335 45162 17356200 84991 468472 17633512 Ваш IP: 3.143.111.52
Время: 2025-05-08 03:52:55
|
«Қазақстан - 2050» жасұсландықтардың көзімен
2013 жылдың 5 қарашасында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Қазақстан – 2050» бейнероликтердің облыстық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты – шығармашылық әлеуетті дамыту арқылы балалар мен жастар арасында «Қазақстан-2050» Стратегиясының идеяларын насихаттау. Сайыста «Астана – 2050», «Мектеп – 2050», «Оқушы – 2050», «Жас Ұлан- 2050» номинациялары бойынша бейнероликтер сынға түсті. Облыстық финалда 9 жұмыс қаралды. Олар өзара орындар бөлісіп, жүлдегер атанбағандары алғыс хаттармен марапатталды. Балаларды дайындаған жетекшілерге де алғыс хаттар берілді. Әділ қазылар алқасының шешімімен ІІІ орынды Павлодар қаласы №17 ЖОББМ оқушысы Черненко Вадим мен Қашыр ауданы Байқоныс ауылынан Рахметолла Аяулым алса, ІІ орынды Ақсу қаласынан Бурикбаев Абзал мен Ақсу ауданы Евгеньевка ауылынан Казбекова Айдана алды. Ал І орынға Қашыр ауданы Байқоныс мектебінің оқушысы Калимулин Альнур ие болды. «Қазақстан 2050» бейнероликтер сайысының басты қорытындысы – облыс көлемінде ұсынылған 9 жұмыстың ұйымдастырушысы «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ болып табылатын Республикалық байқауға жіберілгендігі. Барлық қатысушыларға жоғарғы сында сәттілік тілейміз. |