Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения20821634
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 10265 18387 10265 20557598 155358 433954 20821634 Ваш IP: 216.73.216.59
Время: 2026-01-12 13:49:36
|
«Менің кіші Отаным» конкурстың жеңімпаздары анықталды
Жыл сайын өткізілетін «Менің кіші Отаным» атты облыстық конкурсы биылғы оқу жылында Жастар жылына арналған болатын. Сәуір айында Павлодар облысының 96 жалпы білім беру мектептерінен қалалық және аудандық іріктеу кезеңдері өтті.
Облыстық турға келесі 10 мектеп өтті. Олар: Железин №2 ЖМ, Май ауданы Жалтыр мектебі, Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты, Ақтоғай ауданы Муткенов ЖОМ, Ертіс ауданы Ұзынсу ЖМ, Аққулы ауданы Лебяжі ЖМ, Павлодар ауданы Красноармейка ЖМ, Павлодар №25 және №41 ЖОМ, Ақсу қаласы мектеп-лицейі. «Біз өзіміз туралы айтамыз» атты кезеңінде өз ауданының немесе қаласына зор үлес қосқан танымал адамдар туралы бейнеролик көрсетті. «Ұлы даланың Ұлы есімдері» зияткерлік сайысында Қазақстанның атақты адамдары туралы және Ертіс өлкесінің тарихы жайлы оқушылардың білімдерін анықталды. Сайыстың жеңімпаздары: Ертіс ауданы, Ұзынсу ЖМ – 1 орын, Павлодар қаласы, № 41 ЖОМ – 2 орын, Аккулы ЖОМ, Лебяжі ауданы, – 3 орын. |














