Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22612146
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2231 8579 47628 22358942 96962 338951 22612146 Сіздің IP: 216.73.216.153
Уақыт: 2026-06-14 03:40:54
|
VII Облыстық «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеті
Жас ұрпақты антикоррупциялық тәрбиелеу мақсатында М.М. Катаев атындағы мектеп Оқушылар сарайында облыстық «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеті өтті. Бұл шара Павлодар облысы білім басқармасының, М.М. Катаев атындағы мектеп оқушылар сарайының және «Жас Ұлан» Біріңғай балалар мен жастар ұйымының бастамасымен өткізілді. Слетке қалалық және аудандық конкурстардың жеңімпаздары 15 ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубтары қатысты.
Шара екі кезеңнен тұрды. Бірінші бөлімі «Жемқорлыққа қарсы – болашақ ұрпақ» тақырыбында агитациялық бригадалар конкурсы мен 2023-2024 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы есеп презентациясынан құралды. Конкурсқа қатысу қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, белсенді азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ретінде өзін сезінуге мүмкіндік берді.
|














