Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22341099
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10689 16164 54593 22049749 164866 328164 22341099 Сіздің IP: 216.73.217.123
Уақыт: 2026-05-14 15:42:06
|
Көшбасшылықтың көктемгі мектебі
26 және 28 наурыз аралығында Оқушылар сарайында Көшбасшылардың көктемгі мектебі жұмыс жасады. Оны ұйымдастырған «Жас Ұлан» ББЖҰ өңірлік хатшысы – Петрович Оксана Владиславовна. Іс-шараның мақсаты – мектеп өмірінде мектептік өзін-өзі басқару туралы, өзін-өзі басқаруда көшбасшының рөлі жайында және көшбасшылық технологияларды меңгеру қажеттігі жайында қатысушыларға ойлануға мүмкіндік беру. Оған қала мектептері балалар мен жасөспірмідер ұйымдарының Ұланбасылары – көшбасшылар мен аға тәлімгерлер қатысты (44 адам).
Үш күн ішінде балалар әр түрлі шебер-сыныптарға, тренингтерге қатысты. Онда олар көшбасшының портретін жасап, көшбасшылық теориясы туралы және басшылық стильдері мен басшының, көшбасшының қызметтері туралы білімдерін толықтырды. Тіпті Оқушылар сарайының әдіскері Юрченко М.В. жүргізген «На крыльях вдохновения» әдеби кешіне қатысып үлгерді. Шебер-сыныптар мен тренингтерді қала мектептерінің аға тәлімгерлері Родионова О.В., Смаилова З.Н., Рахматулина А.Б., Скляренко А.А., Маракина Н.Н. және Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Омарова А.З. жүргізді. Ал Петрович Оксана Владиславовна аға тәлімгерлермен «Табыстылық баспалдағы» тақырыбында тренингтер өткізді. Үш күндік жұмыс барысының нәтижесінде барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталдыү |














