Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19174173
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12553 15574 28127 18906466 197168 400573 19174173 Сіздің IP: 216.73.216.187
Уақыт: 2025-09-16 14:59:39
|
«Болашақ бүгіннен басталады»
Бүгін М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының облыстық Құрылтайы қатарынан жетінші рет өткізіліп отыр. Аталмыш іс-шараға Павлодар-Ертіс өңірінің түкпір-түкпірінен белсенді балалар, көшбасшылар жиналды.
Олар үшін облыстық «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері балалар мен жасөспірімдер проблемалары талқыланған дөңгелек үстелдер, көшбасшылар академиясын ұйымдастырды. Патриотизм, «Жас Ұлан» ұйымының танымалдылығы, Қазақстандағы еңбек қоғамы, ҰОС ардагерлеріне құрмет, еліміздің болашаққа бағытталған жоспарларын асырудағы жастардың рөлі, әлеуметтік желілерде өзіңді танытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелдерді «ЖасОтан» ЖҚ, «РубиКом» ЖШС өкілдері, қала мектептерінің аға тәлімгерлері, Оқушылар сарайының ұйымдастырушы-педагогтері өткізді. Құрылтай облысымыздың «Жас Ұлан» ұйымдарының алдағы екі жылға арналған жоспарын және Үлкендер мен Балалар палатасының құрамын бекітумен аяқталды. |