Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24250344
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 18268 15996 67765 23896833 34264 527623 24250344 Сіздің IP: 216.73.217.60
Уақыт: 2026-10-02 14:03:06
|
Толеранттылық күніне арналған «Адамгершілік мектебі»
17 және 18 қараша аралығында Толеранттылық күніне арнап «Ровесник» қоғамдық клубы бірнеше іс-шара өткізді. 17 қараша күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының негізінде өткізілген «Адамгершілік мектебі» барысында балалар еріктілік іс-әрекетке бағыттайтын әңгіменің қатысушылары болды. Олар «Құмыра» презентациясын тамашалап, мейірім мен зұлымдық туралы аңызды тыңдады, өз ойларымен бөлісті. Барлығы 24 бала қамтылды.
18 қараша күні «Дос балалар» ойын бағдарламасымен №28 және №41 метептерге шығу болды. «Ровесник» клубының тәрбиеленушілері Касымова Фариза, Альжанова Ботагөз, Каниева Айзада мектеп жасына дейінгі және кіші жастағы оқушылар үшін танымдық-ойын бағдарламасын өткізді. Балалар ән айтты, өлең оқыды, би биледі. Бұл іс-шараға 79 бала қатысты. |














