Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

19158130
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
12084
14283
12084
18906466
181125
400573
19158130

Сіздің IP: 216.73.216.187
Уақыт: 2025-09-15 19:34:47

Біз біргеміз

Біз біргеміз Біз біргеміз

6 ақпан күні М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін «Сердце отдаю детям» қызықты шара ұйымдастырылып өткізілді.  Шараға қонақ ретінде  25 мүмкіндіктері шектеулі балалар және олардың ата-аналары шақырылып, қала мектептерінің 20 жас маманы қатыстырылды.

Самал Сагатовна Сулейменова ойын бағдарламасын саяхат түрінде жүргізді. Ойын арқылы балалардың танымдылық әрекеті белсендетіліп, олардың коммуникативтік дағдылары дамиды.  «Лучистая» стансасында балалар өзара танысып, «Улыбка» ойынын ойнады; «Балшуақ» стансасында «Ровестник» қоғамдық клубының волонтерлері өз өнерін көрсетті; «Музыкальная» стансасында  «Дебют» авторлық студиясының балалары баршаның назарын өздері аударды.

«Родная» стансасында балаларға қосылып ата-аналар да «Шляпа» және «Самый-самый» ойындарын ойнады; «Танцевальная» стансасында «Анастасия» би-спорт клубының балалары би билеп,  флэш-моб орындады; «Позитивная» стансасында барлық ойыншылар достық әнұранын орындады.

Ойын балаларға сыйлықтар таратуымен және «Доброе сердце» плакатын безендірумен аяқталды. Әр қатысушы плакатқа қағаздан жасалған жүректі  жапсырды. Осындай шаралар әр қатысушыға адамгершілікті білдіруге мүмкіндік береді, балаларды төзімділікке үйретеді, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қоғамда өз орнын тауып, белсенді болуға мүмкіндік береді және шығармашылықты дамытуға жағдай жасайды.

Түсініктемелер қосу